AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Таяу Шығыстан келген туристер арасында Алматыда де...

Таяу Шығыстан келген туристер арасында Алматыда демалуға сұраныс артып келеді

Әлеумет 12.07.2023, 09:41 891 Almaty-akshamy.kz. 
Таяу Шығыстан келген туристер арасында Алматыда демалуға сұраныс артып келеді
Сурет: ашық дереккөз

Биыл 1 шілдеде Оманнан Алматыға тікелей әуе рейсі ашылғаннан кейін шетелдік туристер жиі келе бастады.


Сапар бағдарламасында Алматының ең танымал көрікті жерлері, шопинг және қаланың үздік мекемелері бойынша гастротур бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Алматы Таяу Шығыс елдерінен келген кәсіпкер туристер мен қарапайым саяхатшылар арасында үлкен танымалдылыққа ие бола бастады. Біз Оманнан келген қонақтарды құшақ жая қарсы аламыз, олардың сапары жағымды әрі есте қаларлық болатынына сенімдіміз. Қабылданған шаралардың арқасында Алматыға туристік дестинация ретінде қызығушылық артып келеді, біз бұл жұмысты жалғастырып жатырмыз», – деді Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.



Ол «Алматы-Маскат» бағыты бойынша жаңа рейсті ашудың мақсаты Қазақстан мен Оманның туристік әлеуетін дамыту, екі елдің арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту екенін айтты. Оның сөзінше, туризм басқармасы Алматы қаласын халықаралық нарықтарда белсенді түрде ілгерілетуде. Мысалы, Таяу Шығыс елдерінен туристерді тарту үшін Катар, БАӘ, Сауд Арабиясы және Оманның ірі қалалары бойынша роуд-шоу ұйымдастырылды. Былтыр Алматы туризм басқармасының өкілдері Dubai – Arabian Travel Market 2022 көрмесіне қатысты.



Айта кетерлігі, пандемия тоқтаған сәттен бастап Алматыда туристер көбейе бастады. 2022 жылы мегаполиске келген әрбір төртінші турист шетелдік. 2022 жылы Алматыда шетелдік туристер саны 417 мың адамға жетті. Биыл бірінші тоқсанда қалаға басқа елдерден 400 мыңнан астам турист келген.



Бүгінде Алматыдан әлемнің кез келген жеріне ұшуға болады. Ұшу кестесінде 23 елге рейс бар. Атап айтсақ, Ресей, Грузия, Оңтүстік Корея, БАӘ, Ұлыбритания және т.б. Шетелдің 38 қаласына тікелей рейстер ашылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#турист #Алматы #демалу #Сұраныс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);