AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тағы бір әуе компаниясы пайда болуы мүмкін

Тағы бір әуе компаниясы пайда болуы мүмкін

Әлеумет 11.10.2023, 10:06 986 Almaty-akshamy.kz. 
Тағы бір әуе компаниясы пайда болуы мүмкін
Сурет: ашық дереккөз

Бүгінде Қазақстан нарығына шетелдік әуе компанияларды тарту үшін келіссөз жүргізіліп жатыр.


Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 


Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айдос Сарым ұшақ билеттері өте қымбат екенін айтып, оны төмендету үшін қандай жұмыстар жүргізілетінін сұрады.


Оның пікірінше, тұтынушылар мен сарапшылар әуе тасымалы бағасының жоғары мәселесін үнемі көтеріп жүр.



«Бұл туралы талай депутаттық сауал жолданды. Адамдар төмен бюджетті әуе компаниясының билет бағасының күн сайын қымбаттап бара жатқанын айтады. Air Astana әуе компаниясының еншілесі Fly Arystan жолаушыларды қолжетімді бағамен қамту үшін құрылған еді. Сондай-ақ ол ішкі туризмді дамытуға негізделген болатын. Ал іс жүзінде лоукестер билеттерінің бағасы бас компаниямен бағасымен теңесіп, жылдан жылға өсіп жатыр. Мұндай баға масқара емес пе? Көлік министрлігі болашақта азаматтарымыз әуе билеттерін қолжетімді бағамен сатып алу үшін қандай шаралар қарастырады?» – деді депутат.



Министр Марат Қарабаев мәселені шешу үшін нарықтағы бәсекелестікті күшейту керектігін жеткізді.



«2020-2021 жылдармен салыстырғанда әуе тасымалына сұраныс 17%-ға өсті. Биыл ол 26%-ға артты. Жалпы сұраныс артып жатыр, ал ұсыныс оған төтеп бере алмауда. Ол үшін ұшақтардың санын ұлғайту қажет. былтыр 14 ұшақ сатып алынды. Биыл жыл соңына дейін әуе компаниялары тағы 11 ұшақ сатып алады. Нәтижесінде қазақстандық ұшақтарды саны жүзге жетеді және ондағы орындықтардың саны 12 мыңнан 15 мыңға артады, тағы 3 мың орын қосылады. Оған қоса 2024-2025 жылдары тағы 14 ұшақ сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ бәсекелестікті де дамыту керек. Air Astana әуе компаниясы Fly Arystan-ды жеке шығарып жатыр. Нәтижесінде 4 әуе компаниясы болады, осылайша бәсекелестік артады. Оған қоса біз шетелдік әуе компаниясын нарыққа тартып. Оны бесінші компания ретінде дамыту жоспарда бар», - деді ведомство басшысы.



Мәжіліс отырысынан соң Марат Қарабаев Қазақстан нарығында қандай шетелдік компания жұмыс істейтініне қатысты түсінік берді.



«Qazaq Air әуе компаниясын сатамыз деген ой бар. Біз оны бірнеше компанияға ұсындық. Оның ішінде Вьетнамның Sovico компаниясы бар. Онымен көбірек жұмыс істеп жатырмыз. Олар Қазақстанның ішкі нарығын зерттеуде. Сонымен қатар VietJet Air компаниясы бар. Ол Қазақстанда ұшып жүр. Ол да лоукостер. Компанияның ұшақтары өте көп. Соны нарыққа тартамыз деген ой бар. Бірақ бұл мәселе қазір шешілмейді», - деді ол.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әуе компаниясы #ұшақ #билет құны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);