AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тағы бес шетелдік азамат Neo Nomad визасын алды

Тағы бес шетелдік азамат Neo Nomad визасын алды

Әлеумет 11.03.2025, 12:33 1,084
Тағы бес шетелдік азамат Neo Nomad визасын алды
Аlmaty-akshamy.kz
Былтыр қараша айынан бастап іске қосылған Neo Nomad визасын тағы бес шетелдік азамат алды. Оның үшеуі - АҚШ, біреуі Ұлыбритания және тағы біреуі Латвия азаматы, деп хабарлайды aqshamnews.kz
 
Neo Nomad визасы шетелдік азаматтарға Қазақстанда бір жылға дейін тұруға мүмкіндік береді. Бұл ретте олар шетелдегі компанияларда қашықтан жұмыс істей алады. Виза IT, маркетинг, қаржы, дизайн және консалтинг салаларындағы жұмысын саяхатпен ұштастыратын заманауи көшпенділерге арналған. Ол үшін шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының шетелдегі елшіліктеріне бірнеше құжат тапсыру қажет:
 
  • Кейінгі 6 айдағы банк шотынан үзінді көшірме, ай сайынғы табысы 3 000 АҚШ долларынан жоғары екенін растайтын құжат 
  • Азаматтығы бар елдің уәкілетті органы берген салық декларациясы 
  • Азаматтығы немесе тұрақты мекенжайы бар елдің органы берген сотталмағаны туралы анықтама 
  • Визаның қолданылу мерзіміне дейін жарамды медициналық сақтандыру 
  • Қазақстандағы туристік компаниялардан шақыру (48 елдің азаматы үшін талап етілмейді)
 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Neo Nomad визасын үш шетелдік турист алған еді. Визаны бірінші болып энергетика саласында жұмыс істейтін Ұлыбритания азаматы иеленді. Сондай-ақ визалар Оңтүстік Корея және Сингапур азаматтарына берілді.
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#виза #Neo Nomad #Шетел азаматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);