Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Тағы 105 пәтердің кілті табысталды

Тағы 105 пәтердің кілті табысталды

Әлеумет 30.05.2024, 17:44 912
Тағы 105 пәтердің кілті табысталды
Самат Құсайынов

Алматыда үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал тобына жататын үшінші лектің 105 тұрғынына жалдамалы пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Наурызбай ауданының «Шұғыла» шағынауданындағы «Alem City-2» тұрғын үй кешенінде орналасқан 5 үйден кезекте тұрғандарға 105 пәтердің кілті табысталды. Олардың ішінде 43 пәтер 1 бөлмелі, 62 пәтер 2 бөлмелі.
ХӘОТ санаттары бойынша: жетім балалар – 30, 1 және 2 топтағы мүгедектер – 8, жеңілдіктері бойынша ҰОС-ға теңестірілген ардагерлер – 1, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы – 6, зейнеткерлер – 8, толық емес отбасылар – 52.
Бірер күн бұрын ХӘОТ санатындағы кезекте тұрған бірініші лектегі 124 адамға және екінші лектің 164 тұрғынына пәтер кілті табысталған болатын.

Баспаналы болған жандарды Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы құттықтап, жалдамалы пәтерлер қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінгенін хабарлады. Ал қала тұрғыны Виктория Гришина баспана кезегіне 2015 жылы тұрғанын айтады.

- Маған ұялы телефонға қоңырау шалып, пәтердің иесі болғанымызды айтты. Басында мүлдем сенбедім. Біз үшін бұл нағыз бақыт әір тосын сый! Ұлымды жалғыз тәрбиелеп отырмын, сондықтан мен үшін мемлекеттен үлкен қолдау болды. Кезекке 2015 жылы тұрдым, - деді Виктория Гришина.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баспана #үй #пәтер #әлеумет #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.