ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Тағам жеткізушілерге қатысты тәртіп күшейтілмек

Тағам жеткізушілерге қатысты тәртіп күшейтілмек

Әлеумет 21.12.2021, 11:22 1,254
Тағам жеткізушілерге қатысты тәртіп күшейтілмек
almaty-akshamy.kz
Алматыда тағам жеткізушілері де енді тәртіпке бағынатын болады. Полиция департаменті енді олардың сөмкесін нөмірлеуді ұсынып отыр. Бұл көп жағдайда жол апатының себепкері болатын мопед пен скутер...

Алматыда тағам жеткізушілері де енді тәртіпке бағынатын болады. Полиция департаменті енді олардың сөмкесін нөмірлеуді ұсынып отыр. Бұл көп жағдайда жол апатының себепкері болатын мопед пен скутер жүргізушілерінің жауапкершіліктен қашып құтылмауына түрткі болмақ. Тәртіп сақшыларының бұл бастамасына бірден 2 бірдей ірі компания қолдау білдірген.


Тамақ тасымалдайтын ірі желілердің бірі сөмкелерді нөмірлеуді бір жыл бұрын бастапты. Барлық қораптың үш жағынан жеке нөмірлер жабыстырған. Ал компания басшылығы қызметкерлерге күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді екен. Қандай да бір тәртіпбұзушылық болған жағдайда жауапкершіліктен қашпаймыз дейді.



– Біз өз қызметкерлеріміз үшін қатты алаңдаймыз, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткіміз келеді. Сондай-ақ, бұл тұтынушылармен кері байланыс орнатуға көмектеседі. Қандай да бір арыз-шағым болса, сол нөмірді айтып жауаптыларға хабарласса болады. Осылайша қызмет сапасын арттыруды көздейміз, – дейді тағам жеткізуші компанияның операциялық директоры Ильхам Исмаилов.



Көбіне тамақ тасушылар қарапайым ережелерді ескермейді. Олар тапсырысты тез жеткізу үшін кейде тіпті жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, мопедпен адамдарды қағып кетуі де мүмкін. Бұрындары оларды табу мүмкін болмайтын. Өйткені, бәрінің сөмкесі бірдей әрі онда нөмірлері көрсетілмейтін. Енді оларды нөмірлесе, тәртіпбұзушылық орын алған жағдайда ізін суытпай, тауып алуға болады.


Ал жол қауіпсіздігіне жауап беретін қауымдастық өкілінің айтуынша, бұл бастама апатты жағдайдың алдын алу үшін жеткіліксіз дейді. Оның айтуынша, заң жүзінде өзгерістер енгізу қажет.



– Біз Ішкі істер министрлігі мен Парламент Мәжілісіне мопед секілді көліктерді тіркеу туралы мәселені қайта қарастыруды ұсынып отырмыз. Оларға мемлекеттік нөмір берілу керек. Сонда сақтандыруды рәсімдеу не болмаса жауапкершілікке тартуды бақылауға болады, – деді «Жалпы жол» қауымдастығының президенті Арсен Шәкуов.



Полиция департаментінің мәлімдеуінше, жыл басынан бері тағам тасымалдаушылардың қатысуымен 250-ден астам жол көлік оқиғасы тіркелген. 270 адам зардап шегіп, 5 адам қаза тапқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,297 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.