AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Табысқа жетудің кілті – төзім мен еңбек

Табысқа жетудің кілті – төзім мен еңбек

Әлеумет 19.09.2025, 14:38 700
Табысқа жетудің кілті – төзім мен еңбек
aqshamnews.kz

Жұмысшы мамандықтар жылы: павлодарлық жастарға табысты карьера үлгілері көрсетілді

Павлодардағы Достық үйінде жастар «WorldSkills» чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті. 

Кездесуде сервис және тамақтану колледжінің студенттері мен түлектері өз жетістіктерімен бөлісті. Олардың арасында 2024 жылғы ұлттық чемпионаттың жеңімпазы Санжар Зейнулла да бар. Ол өңірлік және республикалық деңгейдегі байқауларда топ жарып, Мәскеудің «Синергия» университетінде оқу грантын иеленді. Келер жылы ол Шанхайда өтетін әлемдік «WorldSkills» чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды.

Санжардың айтуынша, табысқа жетудің кілті – төзім мен еңбек.

Чемпионатқа дайындықта оған колледж түлегі, бірнеше мәрте жеңімпаз атанған Артур Лейман қолдау көрсеткен. Ал тағы бір түлек – Анатолий Волокитин Түркияда тәжірибеден өтіп, халықаралық сертификатқа ие болған.

Облыстық ҚХА жастар қанатының төрағасы Рамиль Смаиловтың сөзінше, жоба 2019 жылдан бері жүзеге асуда. Жаңартылған форматтың басты мақсаты – оқушыларға табысты жастардың тәжірибесін көрсету және жұмысшы мамандықтардың да үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынын дәлелдеу.

Көрмеде студенттердің дипломдары мен марапаттары қойылып, олардың еңбегі мен жетістіктері көпшілікке таныстырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #жұмыс #еңбек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);