AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Табиғатты аяласаң ол сені есепсіз байлыққа кенелте...

Табиғатты аяласаң ол сені есепсіз байлыққа кенелтеді

Әлем 14.06.2024, 15:49 854
Табиғатты аяласаң ол сені есепсіз байлыққа кенелтеді
Сурет ашық дерек көзінен алынды

АЛМАТЫ. AQSHAMNEWS.KZ  Чжэцзян провинциясындағы Юй ауылы қоршаған ортаны ластайтын өндіріс орындарын жауып, жасыл экономиканы дамыту арқылы мол пайдаға кенелуде.

Юй ауылының әр ғимараты күн сәулесінен қуат алады, ал көліктер тек электр қуатымен жүреді. Таза ауа, мөлдір бұлақтар мен сұлу табиғат туристерді жыл сайын көбірек тартып отыр. Туризмнен түскен табыс ауыл тұрғындарына теңдей бөлінеді, себебі ауылдың көркеюіне жергілікті халықтың үлесі зор.

Юй ауылы Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясындағы шағын ауылдардың бірі. Бұрын бұл жерде әктас пен цемент өндірісі болғандықтан, ауа ластанып, тұрғындар қиын жағдайда өмір сүрген. Бірақ 2005 жылы Юй «Жасыл даму» бағдарламасы бойынша пилоттық ауыл ретінде таңдалып, экотуризм мен ауылшаруашылығын дамытуға көшті.

Ауыл ортасында тұрғындардың өмірлік ұстанымы тасқа қашалып жазылған: «Табиғатты аяла! Ол сені – алтынмен аптап, күміспен күптеп есепсіз байлыққа кенелтеді».

«Ауылшаруашылығынан қомақты табыс тауып отырмыз. Мысалы, егін егіп, табиғи таза өнім аламыз. Орман және көлдеріміз ауылымызды экотуризмнің орталығына айналдырды. 1989 жылы біздің провинцияда орман алқабы 57% болса, қазір ол 74% жетті. Біз ең жасыл аймақтардың біріміз»,  - дейді Цибу қаласы мэрінің орынбасары  Джан Цзин.

Юй ауылында климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны зерттейтін Хужоу институты орналасқан. Институт ғалымдары жасыл экономиканы дамыту мәселелерімен айналысады. Ғылыми жаңалықтар осы ауылда іске асырылады, сондықтан Юйдегі ғимараттар экоталаптарға толықтай жауап береді.

«Ауыл-аймаққа инфрақұрылым тартқанда ең әуелі оның қоршаған ортаға әсеріне мән береміз. Жобалық жұмыстардан бастап, оны іске асырғанға дейінгі құрылыс тізбегі мұқият қадағаланады. Осындай бақылаудың арқасында табиғатқа келтірілетін залалдың мөлшері 30%-ға азайып, өңірдегі экологиялық ахуал айтарлықтай жақсарды», - дейді «TsingShan Steel Pipe» корпорациясының өкілі  Гуэй Чанзин.

Қытай билігінің жасыл экономиканы дамытуы халықтың әл-ауқатын арттырып, өмір сапасын жақсартты. Бұл елдің инвестициялық ахуалына да оң әсерін тигізді. Жыл сайын миллиондаған турист қабылдап, жиылған қомақты түсімді тұрғындарға дивиденд ретінде бөлетін Юй ауылы осының жарқын мысалы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология #туризм #қоршаған орта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);