AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Сыртқы істер министрі Түркі академиясының Президен...

Сыртқы істер министрі Түркі академиясының Президентімен кездесті

Өмір-өзен 11.03.2022, 13:22 1,948
Сыртқы істер министрі Түркі академиясының Президентімен кездесті
Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Бұл академияға мүше елдер: Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия.


Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлімен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Дархан Қыдырәлі Академияның қатысушы елдермен және халықаралық ұйымдармен, атап айтқанда БҰҰ, ЮНЕСКО, ИСЕСКО, КОМСТЕК-пен жүргізіліп жатқан жұмысы және ынтымақтастықты дамыту туралы хабардар етті.


Ол сондай-ақ академияның Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына, Нәзір Төреқұловтың 130 жылдығына және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу жоспарлары туралы айтып, биыл түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан қаласында Түркологияның дүниежүзілік конгресін өткізуге дайындық барысы туралы хабарлады.


Министр академияның қатысушы елдердің ғылыми және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын ілгерілетудегі белсенді жұмысын жоғары бағалады. Кездесуге Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі И.Адырбек те қатысты.


Түркі академиясы 2010 жылы 25 мамырда Қазақстанның бастамасымен құрылып, қазіргі уақытта түркологияның халықаралық танылған ғылыми орталығына айналды. Академияға мүше елдер: Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия. Мажарстан байқаушы мәртебесіне ие. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Академия #министр #ЮНЕСКО
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);