ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Сыртқы істер министрі Мажарстанға ресми сапармен б...

Сыртқы істер министрі Мажарстанға ресми сапармен барды

Саясат 21.11.2023, 13:07 1,360
Сыртқы істер министрі Мажарстанға ресми сапармен барды
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ресми сапармен Венгрияға келіп, оның шеңберінде Қазақстан-Мажарстан Стратегиялық кеңесінің 6-шы...

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ресми сапармен Венгрияға келіп, оның шеңберінде Қазақстан-Мажарстан Стратегиялық кеңесінің 6-шы отырысына қатысты. 


Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Ұлттық мүдделердің «түйісу нүктелері» ретінде энергетика, өнеркәсіп, көлік және логистика, су ресурстарының менеджменті және инновация, ауыл шаруашылығы, білім беру және туризм сияқты салалар болды.


Делегация басшылары сауда-экономикалық саладағы қазақ-мажар ынтымақтастығы екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің басты қозғаушы күші екенін атап өтті. Осыған байланысты тараптар Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның әлеуетін тиімді пайдалану және Қазақстан мен Мажарстанның іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігі жөнінде келісті.


ҚР Сыртқы істер министрі Астана мен Будапешт арасындағы ынтымақтастықтың барлық спектрін кеңейту бойынша практикалық қадамдарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. «Біздің елдеріміздің арасында саяси деңгейдегі өте жақын және сенімді байланыстардың, іскер топтар арасындағы жемісті ынтымақтастықтың, сондай-ақ мәдени және адамаралық байланыстардың арқасында шешілмеген мәселелер жоқ», – деді М.Нұртілеу.


Өз кезегінде мажар делегациясының басшысы Мажарстан Қазақстанның Еуропалық Одақтағы сенімді серіктесі екенін мәлімдеді. «Біз сіздің еліңіздегі саяси және экономикалық реформаларды қолдаймыз және табысты серіктестігімізді одан әрі белсенді дамытуға дайынбыз», – деді М.Варга.


Сондай-ақ, тараптар Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанның Қазақстанға сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыру мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, тараптар ірі бірлескен жобаларды іске асыруда, өзара сауданы әртараптандыру және ұлғайтуда күш-жігерді біріктіру уағдаластыққ қол жеткізді. Қазақстан экспорттық тауарлар номенклатурасын сомасы 700 млн АҚШ долларына жуық 95 атауға ұлғайту ниетін растады.


Қазақстан тарапының статистикасы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 172 млн АҚШ долларын құрады, ал ағымдағы жылдың 9 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға ұлғайып, 140 млн долларды құрды.


Отырыс барысында өкілді делегация құрамына кірген ҚР бейінді министрліктерінің өкілдері де сөз сөйледі. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында мамандар даярлау, су ресурстарын тиімді басқаруда тәжірибе алмасу, сондай-ақ сауда миссияларының өзара сапарларын ұйымдастыру мәселелерінде одан әрі өзара іс-қимыл жасау жөнінде ұсыныстар айтылды.


Стратегиялық кеңес аясында Су ресурстарын басқару бойынша Қазақстан-Мажарстан форумы өтті. Сарапшылар су ресурстарына қатысты өзекті мәселелерді шешу бойынша бейінді министрліктердің бірлескен іс-шараларын өткізуге келісті.


Сондай-ақ, Министр М.Нұртілеу «Globalia» мажар компаниясының басшысы Габор Шаги және «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) алаңында жұмыс істейтін «Equilibrium Capital» инвестициялық қорының президенті Питер Надьпен екіжақты кездесулер өткізді.


Компания басшылары Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері, мажар капиталының қатысуымен АХҚО алаңында сауда-инвестициялық институттар құру, IT және банктік консалтинг саласындағы инвестициялық жобалардың іске асыру барысы жөнінде, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша жоспарлар туралы егжей-тегжейлі хабарлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,270 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.