AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Сыр елінде республикалық жыршы-жыраулар байқауы б...

Сыр елінде республикалық жыршы-жыраулар байқауы болады

Хабарлама 09.09.2021, 03:40 1,454
Сыр елінде республикалық жыршы-жыраулар байқауы  болады
Сурет: Нalyqline.kz

Сыр елі - жыр елі!


Қызылорда облысында қыркүйек айында «Жырлансын Тәуелсіздік жыр бұлағы» атты республикалық жыршы-жыраулар байқауы өткізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.



Аталған шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай ұйымдастырылады. Осыған орай облыстағы мәдениет ұйымдары мен өнер мекемелерінде түрлі мәдени шаралар қолға алынып отыр.



«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына бізде облыстық іс-шаралар жоспары бекітілген. Жыл басынан бері барлық мәдениет ұйымдарында және өнер мекемелерінде осы мерекеге байланысты ауқымды шаралар өткізілуде. Оның ішінде «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысын атап өтсек болады. Осы сипаттағы шараларымыз барлық мәдениет ұйымдарында жалғасын табуда»,- деді облыстық мәдениет архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұршат Наурызбаева.



Ел Тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңында Кете Жүсіп Ешниязұлының 150 жылдығын атап өту де жоспарланған. Сондай-ақ, облыстық филармония тарапынан да осы мақсатта көптеген мәдени шаралар өткізіледі.



«Аталған іс-шаралар қатарында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің жыл концертін атап өтсек болады. Оған қоса, «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблінің «Сарын» атты сазды кеші және қазақтың аңыз және салт ертегілерінің 30 кейіпкері циклымен «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясының қысқаметражды қойылымы көрермен қатысуымен өткізіледі. Қалған туындылар пандемия жағдайына байланысты онлайн форматта ұйымдастырылады», - деді облыстық филармонияның директоры Талғат Мақашев.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#қызылорда #республика #жыршы #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);