ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Сынып ішінде санитайзер, ауыз су, бетперде міндетт...

Сынып ішінде санитайзер, ауыз су, бетперде міндетті түрде болады

Әлеумет 15.08.2021, 15:31 1,371
Сынып ішінде санитайзер, ауыз су, бетперде міндетті түрде болады
сурет: Bilimdinews.kz
Алматыда ұстаз Covid-19 жұқтырса, оқушыларға сабақты ЖОО студенттері өткізуге дайын.

Алматыда ұстаз Covid-19 жұқтырса, оқушыларға сабақты ЖОО студенттері өткізуге дайын.


Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева бастауыш сыныптарда міндетті түрде 2-3 резервтегі мұғалім болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.


Алматы мектептерінде ұстаздар Covid-19 жұқтырса, оқушыларға сабақты резервте тұрған мұғалім немесе тәжірибе жинақтаушылар өткізеді. Ал ата-аналарға баласына күнделікті 4-5 бетперде және антисептик алып беру міндеті жүктеліп отыр. Егер отбасының мұндай мүмкіндігі болмаса, бетпердені мектеп береді. Оқушылар мектеп ғимаратына бірнеше есіктен кіргізіліп, кіреберісте олардың дене қызуын медбике өлшейді. Мұның алдында толық дезинфекцияланады. 1,5 метрден кем емес ара қашықтық сақталуы үшін дәлізден сыныпқа жеткенше арнайы қызыл жолақтар сызылған. Мұнымен қатар, әр 2-3 сағат сайын сыныпты желдету, кварц қосу секілді тазалық талаптары жүргізіледі. Сынып ішінде санитайзер, ауыз су, бетперде міндетті түрде болады. 
Егер бір сыныптағы оқушылар саны 35-тен асып кетсе, онда дәріс үлкенірек аудиторияда өткізіледі. Мектеп ішінде мұғалім де, оқушы да бетпердемен жүреді. 



«Алматыда екі педагогикалық оқу орны орналасқан. Жоғары курс студенттері тәжірибесін мектепте өтуі үшін университеттермен тікелей дуалды оқыту жүйесі бойынша байланыстамыз. Жалпы, кез келген мектептің бастауыш блогында кем дегенде резервте 2-3 оқытушы болады», – деді Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева. 



Егер бір оқушы Covid-19 жұқтырса, онда сынып түгелдей онлайн оқуға көшеді. Дәл сол секілді ана-анасы не бір үйдің балалары вирусты жұқтырып алса, қалғандары да қашықтан білім алады. «Ашық» қосымшасы тек мектептің аумағына кіргісі келетін ана-аналарға қажет. Бірақ, әке-шешесі екпе алмаған оқушылар білім ошағына кіргізілмейді деген шектеу жоқ. 
Еске салсақ, Алматыда соңғы екі апта ішінде мектеп жасындағы 1 778 баладан Covid-19 анықталды. Оның 40-ы дәл қазір ауруханада ем алып жатыр. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.