Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «терезені» дер к...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «терезені» дер кезінде жауып үлгерді

Әлеумет 07.01.2025, 11:40 555
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «терезені» дер кезінде жауып үлгерді
Сурет: Gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 55 млрд теңге сомасына бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атамекен ҰКП «Бірыңғай сатып алу терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жоспарлы бағаларын көтеру тұрғысынан мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларына мониторинг жүргізу бойынша жобаны іске асыруда, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2024 жылдың қорытындысы бойынша 55,1 млрд теңге сомаға артық өсудің алдын алынды, оның жартысы – 26 млрд теңге (немесе 47%) бюджетке қайтарылды. Қалған соманы тапсырыс берушілер қайта қарады. Жоспарлы баға төмендеді немесе осы ақша шеңберінде сатып алынатын тауар саны ұлғайды. Мәселен, СҚО-да 230 млн теңгенің заңсыз жұмсалуына жол берілмеді. Агенттік Петропавлда теледидар мұнарасына арналған жарықдиодты жабдықты монтаждау бойынша жұмыстарды сатып алу төтенше жағдаймен байланысты болмаса да, төтенше жағдайларды жою сылтауымен жүргізілгенін анықтады. Нәтижесінде шарт бұзылып, бюджет қаражаты қайтарылды.

Қарағанды облысында мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат 9 млн теңгеге 18 мың бөтелке ас сірке суын сатып алуды жоспарлаған, бұл мекеменің қажеттілігінен едәуір асып түседі (барлығы 460 адам). Сонымен қатар, бір бөтелкенің бағасы 300 теңге нарықтық құнынан 500 теңгеге дейін көтерілген, бұл шығындарды 3,5 млн теңгеге арттырды. Біздің араласуымыздан кейін сатып алу тоқтатылды, ал бюджет шығыны 9 млн теңгеге үнемделді.

Сол сияқты, Қызылорда облысында Облыстық филармония 300 қабырға суретін орташа нарықтық бағасы бір бірлігіне 20 мың теңге бола тұра 48 млн теңгеге (бір картинаға 160 мың теңгеден) сатып алуды жоспарлаған. Құнның артуы 42 млн теңгені құрады. Антикордың ұсынысынан кейін сатып алу тоқтатылып, қаражат бюджетке қайтарылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаржы #заң және тәртіп #жүйелі шаралар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.