AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бой...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша отырыс өтті

Әлеумет 12.08.2022, 14:18 1,728
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша отырыс өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Жемқорлыққа қарсы үйлестірілген әрекеттермен күресу керек


«Алматы «ӘКК» АҚ және ауыл шаруашылығын субсидиялау қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыровтың төрағалығымен Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша отырыс өтті.
Іс-шараға Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы, қаланың қоғамдық кеңесінің мүшелері және мекеме қызметкерлері қатысты. 
Отырыс барысында агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау саласындағы және «Алматы "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың қорытындылары, сондай-ақ ұсынымдардың орындалу барысы айтылды.
Отырысты ашқан Әлішер Әбдіқадыров мемлекеттік қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмысты күшейтуге шақырды.



«Әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған нақты шараларды қабылдауы керек. Сыбайлас жемқорлыққа тек үйлестірілген әрекеттермен ғана тиімді қарсы тұруға болады», - деп хабарлады әкімнің орынбасары. 



Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы Асхат Оразханның айтуынша, аталған іс-шараның мақсаты басқарманың алдағы қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша алдын алу шараларын қабылдау болып табылады. 
Сондай-ақ, отырыста Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Алтынай Көбеева көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бағалау жүргізу үшін қоғамдық кеңестің әлеуетін пайдалануды ұсынды. 
Отырыс қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жемқорлыққа қарсы күрес #отырыс #құқық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);