ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтар...

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтар сыйақы алды

Өмір-өзен 22.07.2022, 07:10 2,022
Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтар сыйақы алды
Сурет:Liter.kz
Сыйақы сомасы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың ауырлығына байланысты.

Сыйақы сомасы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың ауырлығына байланысты.


Сыбайлас жемқорлық фактісін немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен азаматтарға ынталандыру сыйлығы беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменттің мәліметінше, азаматтардың 1424 сall-орталығына сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сенім арттыруда ерекше рөл ойнайды.



«1424 саll-орталықтың операторлары тәулік бойы сыбайлас жемқорлық туралы хабарламаларға және бизнеске жасалған қысымға жауап береді, шағымдарды, пікірлерді қабылдайды, консультациялық көмек көрсетеді», - деп хабарлады ведомствода.



Сондай-ақ департаментте хабарлағандай, үстіміздегі жылдың ағымдағы кезеңінде 1424 сall-орталығына 28 өтініш келіп түскен. Оның 18-і «ақпаратты есепке алу кітабында» тіркелді. Олар бойынша қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы аясында жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлаған үш алматылық 640 мың теңге сыйақы алды Азаматтарды көтермелеу ақпараттың шынайылығы, сондай-ақ, заңды күшіне енген сот үкімі болған кезде ғана жүзеге асырылады.



«Сыйақы сомасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты. Пара немесе келтірілген залал сомасы 1 мың АЕК-тен (3 млн.063 мың теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлама, сыйақы 30-дан 100 АЕК-ке дейін құрайды. Көрсетілген сомадан артық – сыйақы 10% - ды құрайды, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды (12 млн 252 мың теңге)», - деп мәлімдеді департаментте.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.