Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған алм...

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған алматылықтар 1,4 миллион теңгеге жуық сыйақы алды

Әлеумет 02.04.2024, 09:46 1,065
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған алматылықтар 1,4 миллион теңгеге жуық сыйақы алды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

2023 жылы мегаполистің 8 тұрғыны жемқорлық фактілерін әшкерелеуге көмектескені үшін ақшалай сыйақы алды.


Бұл туралы ӨКҚ брифингінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сондай-ақ, жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлаған бес тұлға марапатталды. Оның ішінде үшеуі жалпы сомасы 741 мың теңге ақшалай сыйақы алса, қалған екі мемлекеттік қызметкер алғыс хаттармен марапатталды.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі азаматтардан бөлек мемлекеттік қызметкерлер де сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтынын атап өтті.



«Алматы қалалық департаментіне сот әкімшілігінің маманы оған қамаудан босату туралы қаулыны шығаруды жеделдету үшін пара беру фактісі туралы арызбен жүгінген. Бұл факт бойынша аталған құқық бұзушылықты жасаған тұлғаға қатысты айыптау үкімі шығарылды. Өз кезегінде, маман сыбайлас жемқорлықпен күресте көмек көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды», - деді А. Рахимов.



ӨКҚ спикері атап өткендей, бұл бір ғана жағдай емес. Сол сияқты, шекара әскерлерінің қызметкері қайта тексеруден кейін расталған заңсыз құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлап, көші-қон саласындағы заңнаманың бұзылуының алдын алды.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске Алматы қаласы тұрғындарын да белсене атсалысуға шақырады. Нақты заң бұзушылық фактілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 телефоны арқылы байланыс орталығына хабарлауға немесе Агенттіктің аумақтық департаменттеріне жүгінуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сыбайлас жемқорлық #ақшалай сыйақы #әшкерелеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.