Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Сүт өнімдеріне қатысты таңбалау талаптары күшейді

Сүт өнімдеріне қатысты таңбалау талаптары күшейді

Әлеумет 25.07.2023, 11:15 966
Сүт өнімдеріне қатысты таңбалау талаптары күшейді
Сурет: Inbusiness.kz

Сүт өнімдерінің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған өзгерістер күшіне енеді. 


Бұл өзгерістер сүт өнімдерінің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Биылғы 22 қыркүйектен бастап Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №143 шешімі негізінде «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне елеулі өзгерістер күшіне енеді. », - делінген Қазақстан стандарттау және метрология институтының мәліметінде.



2013 жылдан техникалық регламент алғаш рет қолданысқа енгізілген кезде, оны қолдану практикасы сүт өнімдерін өндірушілерге де, тұтынушыларға да қатысты бірқатар маңызды мәселе бойынша нақтылау жұмысы қажет екені анықталды.


Аталған институт сарапшыларының айтуынша, өсімдік майларының қосылғаны туралы ақпаратты сүт өнімдері құйылған қаптамада міндетті түрде орналастыру негізгі өзгерістердің бірі саналады. Бұл өз кезегінде адамдарға өнімді сатып алу кезінде дұрыс мәлімет алуына ықпал етеді.


Сонымен қатар, балалар тағамы өнімдерін сәйкестендірудің физика-химиялық көрсеткіштері өзгерді. Бұл ретте Д дәрумені мөлшерінің шекті деңгейі ұлғайтылды. Осы өзгерістер балалар тағамын өндіруді тұрақтандыруға және тұтынушыларды жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Жаңа түзетуде айран, сүзбе, құрт сияқты ұлттық сүт өнімдері қамтылып, олардың нарыққа кеңінен шығару ескерілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Cүт өнімдері #таңбалау #талаптар #күшейту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.