Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер бері...

Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер берілді

Әлеумет 26.05.2022, 07:53 1,386
Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер берілді
Сурет: Egemen.kz

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен XХІV жазғы Сурдлимпиада ойындарына Ұлттық құрама сапында Жамбыл облысынан 13 спортшы қатысып, 11 медаль иеленді.


Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов жүлдегерлермен кездесіп, спортшыларға пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Еркін күрестен 2-орын иеленген Ғабит Есжанов пен Ғасыр Тұрғынбайға, дзюдодан 2-орын алған Анна Крамороваға 2 бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды. Ал, таэквондодан 3-орын иеленген Олжас Рысжановқа, грек-рим күресінен 3-орын алған Асан Нұржанға, дзюдодан 3-орын алған Фериде Кара оглыға 1 бөлмелі пәтердің сертификаттары тапсырылды.


Сондай-ақ дзюдо, грек-рим, еркін күрестерінен және жеңіл атлетика мен жүзуден түрлі орындардан көрінген спортшылар Айдос Түгелбаев, Эвелина Егембердиева, Абзал Досжанов, Шыңғысхан Әлдибаев, Яна Сибирякова, Руслан Раимбеков, Софья Закутнаяға естелік сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, жаттықтырушылар Ерназар Қонысбаев (еркін күрестен), Александр Ан (таэквондо), Ринат Исмаилов (грек-рим күресі), Аскар Усубалиевке (жүзу) және спортшыларға Алғыс хаттар мен арнайы сертификаттар табысталды.


Облыс әкімі ел намысын қорғап, нәтижелі өнер көрсеткен спортшыларды құттықтап, ризашылығын жеткізді. Жаттықтырушыларының да зор үлесін айрықша атап өтті. Сондай-ақ облыстың спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен оң көрсеткіштерге, бұл бағытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауқымды қолдаулар көрсетіліп жатқанына назар аударды.


Өз кезегінде жаттықтырушылар мен спортшылар ықылас білдірген облыс басшылығына ризашылықтарын айтып, арнайы жатақхана, спорт кешенін салу бойынша ұсыныстарын алға тартты.


Айта кетсек, XХІV жазғы Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан Ұлттық құрамасының 65 ойыншысы спорттың 9 түрінен ел намысын қорғады. Жалпы медальдік есепте 73 елдің арасында Ұлттық құрама 13-орынға тұрақтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сурдлимпиада жеңімпаздары #пәтер #спортшылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.