Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Суперқаһармандар Алматыны қоқыстан тазартты

Суперқаһармандар Алматыны қоқыстан тазартты

Әлеумет 30.11.2024, 17:49 733
Суперқаһармандар Алматыны қоқыстан тазартты
Қайрат Қонысбаев

Бүгін Алматы қаласының тұрғындары ерекше оқиғаға куә болды. «Атакент» көрме орталығы алдындағы серуендеу аймағында өтетін тазалық акциясы барысында қаланың тазалығын қамтамасыз етуші қызметкерлерге күтпеген жерден көмекке суперқаһармандар келді. Олардың қатарында Халк, Өрмекші адам, Бэтмен және Супермен болды. Бұл танымал кейіпкерлер көшелерді сыпырып, тұрғындарға қаланы таза ұстау қажеттігін насихаттады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Суперқаһармандар әлемді құтқару сынды үлкен істермен айналысқанына қарамастан, қала көшелерін жинауға кірісті. Өрмекші адам тұрғындарды тазалыққа атсалысуға шақырып, тротуарларды тазалауға көмектесті.

– Мен Алматыға арнайы тазалық шарасына қатысу үшін келдім. Командаммен бірге шамамен бір сағат бойы сыпырғышпен жұмыс істедік. Тұрғындарға жақындап, бірге тазалық жүргізуге шақырдым. Кейбіреулері келісіп, көмектесті, ал кейбіреулері бас тартты. Бір қызылордалық азамат Алматының тазалығын жоғары бағалап, мұнда сенбіліктер жиі өтетінін айтты. Сондай-ақ, балаларды да тазалыққа үйреттім – олар бұл іске қуана-қуана кірісті, – деп бөлісті Өрмекші адам.

Бэтмен мен Супермен көше тазалаушылардың арбаларын көлікке жеткізуге көмектессе, Халк жолда тұрып қалған самосвалды итеріп жіберді.

– Бұл мен үшін жаңа тәжірибе болды. Дүниежүзілік бейбітшілік үшін күреспен салыстыруға болады. Дворниктердің еңбегі зор, оларды қатты құрметтеймін. Біздің қаламызда өте қонақжай адамдар тұрады, олар әрдайым қаланың тазалығын қолдайды, – деді аниматор Рүстем Ғадаев.

Тазалық қызметкерлері бастапқыда мұны жай ғана көңіл көтеру деп ойлады. Алайда, суперқаһармандардың шынайы түрде тазалыққа араласқанын көріп, күлімсіреп, оларға алғыстарын білдірді.

– Бүгін біз «Атакент» аумағында сенбілік өткізіп жатқан едік. Сол кезде суперқаһармандар келіп, біздің жұмысымызға көмектесті. Олар сыпырғыштарды алып, бізге ыстық шай ұсынды. Бұл біздің еңбегімізді бағалаудың ерекше белгісі болды. Барша тұрғындарды қоқысты қоқыс жәшігіне тастауға шақырамын, бұл біздің жұмысымызды жеңілдетер еді. Ұйымдастырушыларға рахмет! – деді тазалаушы Тәтей Қыстаубаева.

Бұл акцияға жақын маңдағы дәмханалар мен дүкендердің қызметкерлері де назар аударды. Көпшілігі суперқаһармандармен бірге суретке түсіп, өз алғыстарын білдірді.

– Мен Алматы қаласының тұрғынымын. Бүгін суперқаһармандардың көшелерді тазалап жүргенін көріп, таңқалдым. Қаланың тазалығы үшін осындай шараларды ұйымдастырып жатқан әкімдікке алғысымды білдіремін. Жыл сайын Алматы бұрынғыдан да таза және көркем болып келеді. Тазалаушыларға арналған жаңа техника алынып, олардың еңбегі жеңілдеп жатыр. Қала тазалығын сақтап жүрген тазалық қызметкерлерінің еңбегі зор, – деді сауда орталығының қауіпсіздік қызметінің басшысы Қанат Дүйсенбиев.

Бұл шара тұрғындарға қаланың тазалығын сақтау жауапкершілігін еске салып, тазалық қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалауға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Суперқахарман #Таза Қазақстан #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.