AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Су тасқынынан зардап шеккен 34 мыңнан астам отбасы...

Су тасқынынан зардап шеккен 34 мыңнан астам отбасы 12,6 млрд теңгеге біржолғы төлем алды 

Әлеумет 24.09.2024, 20:12 780
Су тасқынынан зардап шеккен 34 мыңнан астам отбасы 12,6 млрд теңгеге біржолғы төлем алды 
primeminister.kz

Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккен 34 мыңнан астам отбасы жалпы сомасы 12,6 млрд теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алғанын хабарлады.

Вице-премьер 2024 жылғы су тасқыны 120 мыңнан астам адамның өміріне әсер еткенін атап өтті. Мемлекет тарапынан зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілді – баспанасыз қалғандар үшін эвакуациялық пункттер ұйымдастырылды, 34 мыңнан астам отбасы жалпы сомасы 12,6 млрд теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Сонымен қатар зардап шеккен 21 880 отбасы үшін жалпы сомасы 10 млрд теңгеге 150 АЕК мөлшерінде келтірілген материалдық залал өтелді. 

Су тасқыны салдарынан шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүлік шығындарының өтемақысы ретінде мақұлданған 615 өтініш бойынша 10,2 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Шағын және орта бизнестің шығындарын өтеу жөніндегі Ереженің күші 2025 жылдың сәуіріне дейін ұзартылады. Бұдан басқа, АӨК субъектілеріне келтірілген залалды өтеу үшін шамамен 3,15 млрд теңге бөлінді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #тасқын #Қанат Бозымбаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);