AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Су тасқынына дайындық аясында 239 шақырым өзен арн...

Су тасқынына дайындық аясында 239 шақырым өзен арнасы тазартылды

Әлеумет 14.03.2025, 12:12 714 dulatbekova
Су тасқынына дайындық аясында 239 шақырым өзен арнасы тазартылды
Сурет: Gov.kz

Су тасқынына дайындық аясында 239 шақырым өзен арнасын тазарту, кеңейту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді.

Оның ішінде Ертіс өзенінің 27,4 шақырымы, Қиғаш өзенінің 73,7 шақырымы, Нұраның 1,1 шақырымы, Жайықтың 51,5 шақырымы және Жем өзенінің 85,5 шақырымы тазартылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Еске салсақ, өткен жылы Су ресурстары және ирригация министрлігі өзен учаскелерін санациялаудың кешенді жоспарын қабылдаған болатын. Құжатқа сәйкес, 2027 жылға дейін 10 облыста жалпы ұзындығы 815 шақырым болатын 51 өзен арнасын және бір көлді тазарту жұмыстары қарастырылған.

Бұдан бөлек, Қазсушар кәсіпорны еліміздің бірқатар өңірінде 1147 шақырым каналдарды механикалық тазартудан өткізіп, 230 су құрылысын жөндеді.

Былтыр 36 жылда алғаш рет Ақтөбе су қоймасына кешенді реконструкция жасалды. Ал, Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы 58 жылда бірінші рет жөнделді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің 10 облысында жаңадан коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылысжайларды пайдалануға жауапты мамандандырылған ұйымдар құрылды. Олардың балансына 809 нысан қабылданды. 931 маман жұмысқа алынып, 203 арнайы техника берілді»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су тасқыны #дайындық #өзен #тазарту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);