AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Су тасқынына байланысты ТЖ жарияланды

Су тасқынына байланысты ТЖ жарияланды

Әлем 30.09.2023, 07:42 1,217
Су тасқынына байланысты ТЖ жарияланды
Сурет: .euronews.com

Апта бойы тоқтамай тұрған ақжауын Нью-Йорк пен оның іргесіндегі елді мекендерді су астында қалдырды. Қала мэрі төтенше жағдай туралы жариялады, ал штат губернаторы адам өміріне қауіп бар екенін мәлімдеді. Биылғы қыркүйек Нью-Йорктегі 1882 жылдан бергі ең жаңбырлы ай деп танылған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz ВВС-ге сілтеме жасап.



Ай басынан бері жұманың таңын қосқанда Нью-Йоркте 350 мм жуық жауын жауған. Әзірге қала мен штат билігі тасқын салдарынан қаза тапқандар мен ауыр жарақат алғандарды тіркемегенімен, құтқару қызметі су басқан үй астындағы жайлардан адамдарды алты рет шығарып алған.


Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс мектептерді жаппау туралы шешім қабылдады, себебі оқушыларға қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен ол қала тұрғындарын су басып қалуы ықтимал жерлерде абай болуға шақырды.


Нью-Йорк штатының губернаторы Кэти Хокул нөсер жауынды адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін деп атап, Нью-Йорк, Лонг-Айленд пен Хадсон-Ривер-Вэлли тұрғындарын тәуекел етпей биіктеу жерлерде болуға шақырды.


Қала полициясы көптеген жолды тасқынға байланысты жабуға тура келгенін хабарлады. Әсіресе көпір астынан немесе туннель арқылы өтетін магистральдардағы қозғалыс шектелгенін айтты.


Төрт метро желісі толықтай жабылған, ал 12 желіде кей бекеттер жұмыс істемейді немесе кешігіп жатыр. Әңгіме миллиондаған адам пайдаланатын негізгі маршруттар туралы болып отыр.


Куинс ауданындағы Ла-Гуардия әуежайы А терминалы уақытша жабық болатынын мәлім етті.


Таңнан бері ұшу жолағына 100 мм астам жауын-шашын түскен Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежай әкімшілігі ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер кешігуі, тіпті ұшпауы да мүмкін екенін ескертіп, жолаушыларды кестені алдын ала тексеріп алуға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су тасқыны #оқиға #Әлем #төтенше жағдай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);