AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Су тасқынын болжау үшін сала министрлігі шетелдік...

Су тасқынын болжау үшін сала министрлігі шетелдік озық тәжірибені зерттеуге көшті

Әлеумет 23.08.2024, 13:59 2,491
Су тасқынын болжау үшін сала министрлігі шетелдік озық тәжірибені зерттеуге көшті
Сурет: Gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі озық халықаралық тәжірибелердің негізінде су тасқынын талдау, болжау және модельдеудің​ цифрлық шешімдерін бейімдеу бойынша жұмыс атқаруда.

Министрлік дамыған мемлекеттердің тәжірибесін зерттеу арқылы TALSIM (Германия) және Delft-FEWS (Нидерланды) жүйелерін таңдап алды. Су тасқынын болжаудың тиімділігі мен дәлдігін арттыру үшін аталған әдістерді бірыңғай жүйеге біріктіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

Аталған жүйе гидрологиялық және бұлт, ылғалдылық, жауын-шашын секілді ауа-райы деректерінің негізінде сараптама жасайды. Қазіргі уақытта жүйеге Есіл өзені бассейнінің деректері енгізіліп жатыр.

Айта кету керек, алдағы уақытта елімізге Нидерландыдан жүйені әзірлеуші мамандар келеді. Олар қазақстандық мамандармен бірге өңірдің ерекшелігі мен сұранысын ескере отырып, жүйені жергілікті жағдайға бейімдеу мүмкіндіктерін пысықтайтын болады.

«Жүйені әзірлеу барысында біз су тасқынын болжау және алдын алу бағытында тәжірибесі мол мемлекеттерді зерттедік. Осылайша, германиялық TALSIM және нидерландылық Delft-FEWS жүйелерін пайдаланып, су тасқынын болжау және модельдеудің цифрлық балама құралы ретінде пилоттық режимде енгізу жөнінде шешім қабылдадық. Осы шешімдерді пайдалану су тасқынын болжау және алдын алу мүмкіндігін арттырудағы маңызды қадам болып табылады»,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Cу тасқыны #алдын алу #зерттеу #шетелдік тәжірибе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);