Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Су тасқыны жайлы жалған ақпарат таратқандарға айып...

Су тасқыны жайлы жалған ақпарат таратқандарға айыппұл салынды

Әлеумет 30.04.2024, 12:00 969
Су тасқыны жайлы жалған ақпарат таратқандарға айыппұл салынды
Сурет: Unsplash




Ішкі істер министрлігі су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқан азаматтар жауапкершілікке тартылатынын еске салды.











ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, күрделі су тасқыны жағдайына байланысты ТЖ режимі жарияланған сәттен бастап жалған ақпарат таратқаны үшін Маңғыстау және Қостанай облыстарында екі қылмыстық іс қозғалған. Екі факт бойынша психологиялық-филологиялық және фонетикалық сараптама жүргізуге қаулы шығарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 13 факт анықталды.


Мәселен, 14 сәуірде Атырау облысының тұрғыны WhatsApp-та өңірдегі су тасқыны жағдайы нашарлап, Атырау облысын су басу қаупі төніп тұрғаны туралы аудиожазба таратып, нәтижесінде ӘҚБтК-нің 456-2-бабы 3-бөлігі (жалған ақпарат тарату) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл 10 АЕК – 36 920 теңгені құрады.


Сондай-ақ 14 сәуірде Петропавл тұрғыны TikTok-та Подгордың су басқан ауданында қасқырлар мен қабандар пайда болды деген жалған бейнежазба жариялады. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төледі.


15 сәуірде Ақтау тұрғыны Махамбет ауданының Махамбет ауылына 300-ге жуық әскери қызметші келіп, жергілікті тұрғындар салған бөгетті қиратуға тырысқаны туралы хабарлама таратты. Бұл үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК – 73 840 теңге көлемінде айыппұл салынды.


16 сәуірде Петропавлдың тағы бір тұрғыны желіде Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны кезінде екі баланың қайтыс болғаны туралы бейнеролик жариялады, бұл ақпарат жалған болып шықты. Фейк хабар таратушы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төледі.


20 сәуірде Петропавл тұрғыны WhatsApp-қа эвакуациялық орталықтар орналасқан мектептердің қызметкерлері гуманитарлық көмекті өздеріне алып жатқаны туралы дыбыстық хабарлама жүктеді. Оған көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 10 АЕК айыппұл салынды.


Мұндай жағдай 21 сәуірде Петропавлда да тіркелді. Жергілікті тұрғын TikTok-та жалған ақпарат таратып, еріктінің гуманитарлық көмекті ұрлағаны туралы бейнежазба жариялады. Бұл үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.


22 сәуірде Петропавлдың тағы бір тұрғыны Instagram-да Сергеев су қоймасының толып кетуіне қатысты жалған ақпарат таратып, істегені үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төледі.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#су тасқыны #жалған ақпарат #жауапкершілікке тарту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28

Алматыда "Almaty Business – 2030" кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы ұсынылды

Бүгін 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.