AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Су саласының мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойы...

Су саласының мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алады

Әлеумет 11.12.2024, 13:04 1,187
Су саласының мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алады
Сурет: Gov.kz

Су саласының мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ пен Австралияда білім алады.

Қазақстандық сушыларға шетелде оқуға мүмкіндік жасау үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен келісім жасады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Келесі жылы министрліктің екі қызметкері Америка Құрама Штаттарында оқу тағылымдамасынан өтеді. Тағы бір маман «Болашақ» бағдарламасы бойынша Австралияда, магистратурада білім алады.

Еске салсақ, Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасы бойынша биыл «Болашақ» бағдарламасына «Гидрогеология», «Су ресурстары» секілді оқу бағдарламалары қосылған болатын. Осының нәтижесінде, қазақстандықтар аталған мамандықтар бойынша шетелде білім алу мүмкіндігіне ие болды.

«Су шаруашылығы саласы мамандарының біліктілігін арттыру министрлік жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда ведомство Қытай, Нидерланды, Франция сынды мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен тәжірибе алмасу және бірлесіп маман дарялау жөнінде келісім жасады. Биыл Нидерланды сарапшылары Астана және Ақтөбе қалаларында су тасқыны қаупін басқару бойынша 3 мәрте оқу семинарын өткізді. Осының нәтижесінде су тасқынына қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын 50-ден астам қазақстандық маман біліктілік арттырды»,- деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.

Сонымен қатар, жазда «Қазсушар» мекемесінің мамандары Жапонияның Саппоро қаласында үш айлық оқу курсына қатысты. Ал, Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы директорының орынбасары Оңтүстік Корея мемлекетіне барып, тәжірибе алмасып қайтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Су саласы #мамандар #болашақ #шетелдік білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);