ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Су саласы мамандарының жалақысы өседі

Су саласы мамандарының жалақысы өседі

Әлеумет 12.05.2025, 16:18 550
Су саласы мамандарының жалақысы өседі
Сурет: Gov.kz
Қазір бұл саладағы орташа жалақы – 210 мың теңге.

Қазір бұл саладағы орташа жалақы – 210 мың теңге. 

Су шаруашылығы саласы мамандарының жалақысы энергетика және жылу энергетика қызметкерлерінің айлығымен теңестіріледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты.

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова су саласында 3 мыңға жуық инженер-гидротехник, ирригатор, су ресурстарын басқару маманы қажет екенін айтты. Оның дерегінше, салада жыл сайын 200-ге жуық маман ғана даярланады.

"Бұл саланың 7% сұранысын ғана жабады. Былтыр 500-ден астам студент су шаруашылығы мамандықтарына барған. Бірақ бүгінде су шаруашылығында жалақы басқа коммуналдық саладағы жалақыдан айтарлықтай төмен. Бұл соңғы он жылда саладан 30% маманның кетіп қалуына себеп болып, жастардың келуіне үлкен кедергі болып отыр", - деді депутат Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов былтырға дейін салада жалақы төмен болғанын айтты. Өткен жылдың 1 мамырынан бастап "Қазсушарда" жұмыс істейтін 10 мыңнан астам маманның жалақысы 25%-ға көтерілген.

"Қазір "Қазсушарда" орташа жалақы 210 мың теңгеге тең. Біз "Табиғи монополиялар туралы" заңға өзгерістер енгізіп жатырмыз. Құжат Сенаттың қарауында. Біз су шаруашылығы саласы мамандарының жалақысын энергетика және жылу энергетика саласы мамандарының айлығымен теңестіреміз. Бұл мамандардың айлығын тағы да 50%-дан астамға көтеруге мүмкіндік береді. Осылайша жылдың екінші жартысында мамандардың жалақысын қосымша 50%-ға көтереміз деп жоспарлап отырмыз", - деді ведомство басшысы.

Енді саладағы қызметкерлердің айлығы орташа алғанда 310-320 мың теңгеге дейін баруы мүмкін.

"Айлық көтерілсе, мамандар салаға келеді", - деп қорытындылады Нұржан Нұржігітов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.