конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Су ресурстарын заңсыз пайдалану фактілерімен күрес...

Су ресурстарын заңсыз пайдалану фактілерімен күрес жалғасады - министр

Әлеумет 16.09.2024, 15:19 2,554
Су ресурстарын заңсыз пайдалану фактілерімен күрес жалғасады - министр
Сурет: Gov.kz

Ішкі аудит қорытындысына сай Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры мен Аса өндірістік аймағының басшысы қызметінен босатылды.

Бұдан бөлек, филиал директорының орынбасары мен Қордай, Байзақ, Меркі өндірістік аймақтарының басшылары қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. 

Еске салсақ, осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша министрліктің Ішкі аудит департаменті Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалына тексеріс жүргізген болатын. Анықталған құқық бұзушылықтарды одан әрі қарау үшін аудит материалдары ҚР Бас прокуратурасына жіберілді.

Бұл жұмыстар судың «көлеңкелі» нарығымен, су саласындағы заңсыз әрекеттермен күресу және тәртіп пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылуда. Айта кету керек, мекеменің өзге аймақтардағы филиалдарында да тексеріс жүргізіледі.

Министрлік мамандары Жамбыл облысында жүргізген аудит барысында су ресурстарын заңсыз пайдаланудың 10-ға жуық фактісін, сондай-ақ шаруалармен суармалы су беру келісімшарттарын жасау барысында заң бұзушылықтарға жол бергенін анықтаған болатын.

«Су ресурстарын заңсыз пайдалану фактілерімен күрес жалғасады. Ол үшін менің тапсырмам бойынша министрлік жанынан арнайы комиссия құрылып, «Қазсушар» филиалдары мен бассейндік инспекцияларға тексеріс жүргізеді. Заңсыз әрекеттерге міндетті түрде тосқауыл қойылып, құқық бұзушылар мен лауазымды қызметкерлер жауапкершілікке тартылады. Біз су ресурстарын пайдалануды бақылауды күшейтеміз», - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат кеңесінде ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлеңкелі нарық #су #құқық бұзушылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);