AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Су ресурстары мамандарының алғашқы тобы Қытай мен...

Су ресурстары мамандарының алғашқы тобы Қытай мен АҚШ-тағы оқуларын аяқтады

Әлеумет 30.04.2025, 15:45 705 dulatbekova
Су ресурстары мамандарының алғашқы тобы Қытай мен АҚШ-тағы оқуларын аяқтады
Сурет: Gov.kz

Қазақстандық су саласының 30 маманы ҚХР-да екі аптаға созылған біліктілік арттыру курсын аяқтады.

Сонымен қатар АҚШ-та бір айлық оқудан өткен мамандар тобы да елге оралды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері шетелден оралған мамандармен кездесті. Алдағы уақытта олар әріптестері шетелде жинаған тәжірибені меңгеріп, өз қызметтерінде қолданады.

Барлық курстар қабылдаушы елдер есебінен, халықаралық келісімдер мен бағдарламалар аясында ұйымдастырғанын айта кетейік. Бұл шараларға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінген жоқ.

Жыл соңына дейін Қытайға 25 адамнан тұратын тағы үш топ жіберіледі. Бүгінде Су ресурстары және ирригация министрлігі өзге де елдерде осындай курстар ұйымдастыру бойынша белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар The International Visitor Leadership Program халықаралық алмасу бағдарламасы аясында қазақстандық мамандар АҚШ-қа барып, су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру жолдарын зерттеді.

«Технология мен цифрландырудың дамуына байланысты су саласы мамандарын қайта даярлауға деген сұраныс артып отыр. Қазақстан алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін белсенді түрде меңгеруге ұмтылып жатыр. Бұл тұрғыда Қытайды әлемдік көшбасшы деп атауға болады. ҚХР-да су инфрақұрылымдары жақсы дамыған әрі өзіндік ерекшеліктері бар. Сонымен қатар олар су саласындағы білікті мамандарды дайындаудың тиімді әдістерін қолданады. Сондықтан Қытайдың бұл тәжірибесі біздің су мамандары үшін өте пайдалы», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Су саласы #мамандар #Қытай #АҚШ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);