Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Су құбырын күрделі жөндеу белгіленген мерзімнен бұ...

Су құбырын күрделі жөндеу белгіленген мерзімнен бұрын аяқталды

Әлеумет 13.12.2023, 10:47 1,085
Су құбырын күрделі жөндеу белгіленген мерзімнен бұрын аяқталды
primeminister.kz

Қайта жаңғыртылған «Астрахан-Маңғышлақ» магистралды су құбыры Атырау және Маңғыстау облыстарына қосымша 60 мың текше метр су береді



Атырау облысында кешенді күрделі жөндеу нәтижесінде кеңейтілген «Астрахан-Маңғышлақ» магистралды су құбыры іске қосылды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бейнебайланыс арқылы нысан жұмысын ресми түрде іске қосты.


Батыс өңірінің әлеуметтік және өнеркәсіптік дамуы үшін стратегиялық маңызы зор жобаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды.


Премьер-Министр атап өткендей, қайта жаңғыртылған «Астрахан-Маңғышлақ» магистралды су құбыры Атырау және Маңғыстау облыстарының халқы мен кәсіпорындары және ауыл шаруашылығы үшін қосымша 60 мың текше метр су беру көзіне айналады.


Жоба шеңберінде тозығы жеткен жабдықтарды жаңарту жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы шамамен 177 шақырым магистралды су құбырының екі учаскесі ауыстырылды. Құрылысқа 500-ден астам адам жұмылдырылған. Соның нәтижесінде «Астрахан-Маңғышлақ» су құбырының өткізу қабілеті тәулігіне 110-нан 170 мың текше метрге дейін артты.




«Су құбырын күрделі жөндеу белгіленген мерзімнен бұрын аяқталды. Оған тиімді жобалық шешімдер мен жоғары құрылыс қарқыны нәтижесінде қол жеткізілді. Бұл жоба соңғысы емес, өңірде сумен қамтамасыз етуге байланысты басқа да ауқымды жобалар бар», — деді Әлихан Смайылов.



Мәселен, Кендірлі кентінде жалпы қуаты тәулігіне 50 мың текше метр болатын су тұщыландыру зауыты салынуда. Одан Жаңаөзен қаласына дейін ұзындығы 105 км магистралды су құбыры тартылады. 


Бұдан басқа, «Каспий» сумен жабдықтау зауытын реконструкциялау жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде оның қуаты 2 есе, яғни 40 мың текше метрге дейін артады.



«Біздің мақсатымыз – 2026 жылға қарай елді мекендерді 100% ауыз сумен қамтамасыз етіп, халық пен өндіріс орындарын одан әрі тұрақты су көздерімен қамтамасыз ету. Ол үшін жаңа гидротехникалық құрылыстар мен су құбырларын салу және қазіргі құбырларды жаңғырту бойынша жобалар іске асырылып отыр. Елді мекендерге су тарату желілері салынуда, ал шалғай ауылдарда жер асты көздерінен сорғы модульдері орнатылып жатыр. Алдымызда әлі де көп жұмыс бар», — деп атап өтті Үкімет басшысы.



«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев мәлім еткендей, жобаны іске асыру кезінде телекоммуникациялық және бақылау жабдықтары, катодты қорғау стансалары мен автономды гибридті қондырғылар, сондай-ақ құбыр өнімдерінің бір бөлігі отандық өндірушілерден сатып алынды.


Ресми салтанатты шараға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Талғат Құрманбаев, «Магистралды суағызғы» ЖШС бас директоры Берік Салпек және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.



Анықтама: «Астрахан-Маңғышлақ» магистралды су құбыры 1988 жылы пайдалануға берілген. Аталған су құбыры – Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандары, сондай-ақ Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандарының тұтынушыларын сумен қамтамасыз ететін жалғыз орталықтандырылған су көзі. Жалпы, аталған құбырдан суды Маңғыстау облысы тұрғындарының 35%-дан астамы және Атырау облысы тұрғындарының 28%-дан астамы тұтынады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атырау #маңғыстау #суқұбыры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.