AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Су қоймаларына сағат сайын мониторинг жүргізіледі

Су қоймаларына сағат сайын мониторинг жүргізіледі

Әлеумет 21.04.2024, 12:18 1,383
Су қоймаларына сағат сайын мониторинг жүргізіледі
Cурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі




Су ресурстары және ирригация министрлігінен су қоймаларындағы жағдай мәлім болды.











Ақмола облысында Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, өңірде су тасқыны жалғасып жатыр. Сергеев су қоймасы бөгетінің жотасынан судың асу биіктігі 348 сантиметр.


Осы сағатқа Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі - 1284 см, бір тәулікте 28 см төмендеді.


Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Өңірдегі ахуал тұрақты.


Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 81%.


Абай облысында Шүлбі су қоймасы 67%-ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасып жатыр. Шүлбі су қоймасына бүйірлік ағындардың ұлғаюына байланысты табиғатты қорғау мақсатында су жіберіліп жатыр. Ертіс каскадының су қоймалары штаттық кестеге сәйкес жұмыс істеп жатыр.

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 85%. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істейді. Ресеймен шекарада Жайық өзенінің деңгейі 899 см.


Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 98%-ға толған. Жағдай тұрақты.


Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысанның да жұмысы штаттық кестеге сәйкес жүріп жатыр.


Нысандарда тәулік бойы кезекшілік жалғасады, сағат сайын су шаруашылығы жағдайына мониторинг жүргізіледі.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#Су қоймалары #мониторинг #бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);