Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Су басу қаупін азайту үшін еліміздегі 15 су қоймас...

Су басу қаупін азайту үшін еліміздегі 15 су қоймасы реконструкциядан өтеді

Әлеумет 27.12.2023, 09:27 1,052
Су басу қаупін азайту үшін еліміздегі 15 су қоймасы реконструкциядан өтеді
Сурет: Elorda.info

Қазақстанның 9 облысында су қоймалары күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.




ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген Су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде еліміздегі 15 су қоймасы реконструкциядан өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Министрліктің мәліметінше, бұл нысандардың жалпы көлемі 1,9 текше шақырымды құрайды.


Аталған су қоймаларын реконструкциялау 70 мың адам тұратын 64 елдімекенді су басу қаупін азайтуға, сондай-ақ 74 мың га суармалы жерге су беруді жақсартуға мүмкіндік береді 



«Су ресурстары және ирригация министрі ретінде жұмыс істеген 3 айда еліміздің 10 облысына барып, су қоймаларын және басқа да маңызды су инфрақұрылымы нысандарын араладым. Өткен аптада аудиторлық палата басшысы ұзақ жылдардан кейінгі тексеріс нәтижелерін жариялады. Алда гидротехникалық нысандарды қалпына келтіру, технологияларды енгізу сынды және т.б. көптеген жұмыс тұр. Гидротехникалық құрылыстар 30 жылдан 50 жылға дейін күрделі жөндеусіз және реконструкциясыз пайдаланылуда, сондықтан қауіптілігі жоғары нысандар болып табылады. Коммуналдық және жеке меншіктегі жекелеген құрылыстардағы жағдай аса күрделі», – деді ҚР су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.



Жұмыс істеп тұрған нысандарды жөндеумен қатар, кешенді жоспар Қазақстанның 9 облысында көлемі 2,4 текше шақырым болатын 20 жаңа су қоймасын салуды да көздейді. Жоспарды іске асыру су ресурстарының көлемін 3,7 текше шақырымға ұлғайтуға, суармалы жерлердің аумағын 2,2 млн гектарға дейін кеңейтуге, суармалы судың жыл сайынғы шығынын азайтуға және оның көлемін 3 текше шақырымға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Су басу #қауіп #реконструкция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.