AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Студенттер Ұлттық ұланның әскери бөлімінде болды

Студенттер Ұлттық ұланның әскери бөлімінде болды

Әлеумет 24.05.2024, 17:01 1,231
Студенттер Ұлттық ұланның әскери бөлімінде болды
Almaty-akshamy.kz. 

Өскелең ұрпақтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік биік болуға тиіс. Алматы қаласындағы «Каспий» колледжінің «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының 300-ге жуық студентіне Ұлттық ұланның Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде «Ашық есік күні» өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Жастар әуелі әскери бөлімнің аумағына кіріп, саптық алаңға сапқа тұрғызылды. Содан кейін радиациялық химиялық биологиялық қорғаныс мүліктерімен жақын танысып, оларды кию тәртібін үйреніп, қорғаныс құралын жылдам кию бойынша кішігірім жарыс та ұйымдастырылды. Жақсы нәтиже көрсеткен студенттерге сыйлықтар табысталды.

Студенттерге қызметтік иттерді пайдалана отырып көрсетілген сабақ қатты ұнады. Кинологиялық қызмет мамандары қызметтік иттермен қылмыскерді ұстау іс-қимылын көрсеткен болатын.

Іс-шара соңында бөлімінің мәдени-демалыс орталығында «Ұлы дала ұландары» деректі фильмі көрсетілді.

«Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының студенті Жанар Қайрат:

 «Бізге әскерде өзіңді қалай дұрыс ұстау керектігін, қару-жарақты дұрыс қолдану тәртібін және әскери техникаларды көрсетті, не үшін қажеттігін түсіндірді. Казармамен таныстырды. Әр сарбаздың орындықтарын, олардың нөмірленгенін, жатын төсектерін көрдік. Қызметтік иттердің пәрмендер бойынша жаттығуларды екі етпғй орындауын тамашаладық. Маған әскери оркестрдің орындаған патриоттық әндері ерекше әсер етті. Бойымды мақтаныш сезімі кернеді», – дейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлан #Ұлттық ұлан #Студент #ашық есік күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);