AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Странджа кубогы: Қазақ боксшылары төрт алтын медал...

Странджа кубогы: Қазақ боксшылары төрт алтын медалді жеңіп алды

Спорт 28.02.2022, 03:47 2,009
Странджа кубогы: Қазақ боксшылары төрт алтын медалді жеңіп алды
Cурет: Inform.kz

Сағындық Тоғамбай ел құрамасы қоржынына төртінші алтын медальды салды


Болгария астанасы Софияда бокстан Странджа кубогында қазақстандық спортшылар төрт алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай (86 келі) салмақта финалда украиндық Сергей Горсковпен шеберлік байқасты. Жекпе-жек барысында Сағындықтың өзіне сенімділігі айқын аңғарылды. Қарсыласына жиі соққы жасап, ұпай қорын молайтты. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан оның жеңіске жеткеніне сенім көрсетті.


Айта кетсек, Сағындық Тоғамбай ел құрамасы қоржынына төртінші алтын медальды салды.


Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Назым Қызайбай (50 келі) мен Махмуд Сабырхан (54 келі) чемпион атанды.
Сондай-ақ, қазақстандық боксшы Валентина Хальзова 70 келі салмақта жеңіске жеткен еді.


Халықаралық турнирде ел құрамасынан Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Дина Жоламан (54 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) күміс жүлдегер атанды.


Ал қола жүлде Санжар Тәшкенбай (48 келі), Тимур Қабдешов (51 келі), Абзал Серік (63,5 келі), Абзал Құттыбеков (92 келі), Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары), Римма Волосенко (60 келі), Дариға Шәкімова (66 келі, Надежда Рябец (75 келі) және Анастасия Баязитова (81 келі) сынды қазақстандық спортшыларға бұйырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бокс #чемпион #алтын #медаль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);