AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Стюардессаның соңғы сапары

Стюардессаның соңғы сапары

Әлеумет 27.12.2024, 15:43 2,332 Bakyt
Стюардессаның соңғы сапары
azertag.az
 

Қазақстанның Ақтау қаласының маңында орын алған AZAL жолаушылар ұшағының апаты ел жүрегін тебірентіп, қайғыға батырды. Бұл апатта 33 жастағы бортсерік Хөкюма Әлиева өзінің қызметтік міндетін соңына дейін адал атқарып, ерлікпен қаза тапты.

Апаттан аман қалған жолаушылардың бірі, Екатеринбургтен келген Субхонкул Рахимов, Хөкюманың апат сәтінде көрсеткен сабырлығы мен кәсіби шеберлігін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Хөкюма жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық күшін салып, қиын сәтте де өз міндетін орындауды жалғастырған.

"Ол өте қиын жағдайда, әсіресе әйел адам үшін, ерекше батылдық көрсетті. Оның барлық нұсқауларын орындадық, бұл біздің өмірімізді сақтап қалды," – деп еске алды Рахимов.

Хөкюма Әлиева апат сәтінде де сабырлы болып, жолаушыларды тыныштандырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысты.

Хөкюма Әлиева 2016 жылдан бері «Азербайжан Хава Йоллары» әуе компаниясында қызмет атқарды. Ол бастапқыда аудармашы болып жұмыс істесе, кейін бортсеріктік қызметке ауысты. Әріптестері оның ашық мінезді, мейірімді және кәсіби маман екенін атап өтеді.

Хөкюма – тек әуе саласының білікті маманы ғана емес, білімді тұлға. Ол Баку мемлекеттік университетінің заң факультетіне 612 балл жинап, үздік нәтиже көрсетіп түскен. Магистратура мен докторантураны тәмамдаған соң, жақын күндері стюардессалық қызметін аяқтап, заңгер ретінде жаңа жұмысын бастамақшы болған еді.

Хөкюманың анасы Кямаля Әлиева қызын әрдайым мақтан тұтқанын айтып, былай деді: "Ол көп елді көріп, әрдайым бізге: «Менімен мақтаныңыздар» деп отыратын. Бұған дейін де ұшақ апатқа ұшырай жаздағанын айтып, бізді сабырға шақырған. Бірақ бұл жолы құтқарылу мүмкін болмады."

Әкесі Джалил Әлиев те қызымен мақтанатынын жеткізді: "Бұл рейс оның стюардесса ретінде соңғы сапарларының бірі еді. Жақын күндері ол заңгер ретінде жұмысын бастауға дайындалып жүрген болатын."

Хөкюма Әлиеваның денесі Бакуде соңғы сапарға шығарып салу рәсімінен кейін Екінші Құрмет Аллеясында жерленеді. Бұл орын – Отан үшін ерлікпен қызмет еткен адамдарға құрмет көрсету орны.

Хөкюманың ерлігі мен адалдығы ұмытылмас естелік болып қалады. Ол қиын жағдайда адамдарға көмек қолын созып, өзінің кәсібилігі мен адамгершілігін көрсетті. Бұл оның мәңгі есте қалатын ерлік жолы.

"Ерлігімен ел жадында мәңгі қалатын жандар бар. Хөкюма Әлиева – солардың бірі."

 

  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақтау #ұшақ #апат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);