конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Стенд атудан Қазақстан Кубогының үшінші кезеңі өтт...

Стенд атудан Қазақстан Кубогының үшінші кезеңі өтті

Спорт 01.09.2022, 10:09 1,507
Стенд атудан Қазақстан Кубогының үшінші кезеңі өтті
Сурет: Egemen.kz

100-ден аса спортшы жиналды.


Елордада стенд атудан Қазақстан Кубогының үшінші кезеңі мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде сұрмергендер спорттың скит және спортинг түрлері бойынша сынға түскен болатын. Оған бас-аяғы 100-ден аса спортшы жиналып, өзара мықтыларды анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.


«Жарыс барысында қыз-жігіттердің бабын байқадық. Олардың ізін басып келе жатқан жас спортшылар да назарда болды. Жалпы алғанда, отандық стенд атудың деңгейі өскен. Енді ең үздік нәтиже көрсеткендерді барынша қолдап, әлемдік жарыстарға жол ашу мақсаты тұр. Өйткені бұл олимпиадалық бағыт саналады.


Сондықтан оның дамуына жан-жақты үлес қосу керекпіз», - дейді «Нұр-Сұлтан «Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры Андрей Могилевский.


Нәтижесінде, ерлер арасында Эдуард Ещенко, Андрей Фролов және Давид Почивалов сияқты спортшылар жүлдегер атанды.


Әйелдер арасында Зоя Кравченко алдына жан салмады. Ал спортинг түрінде елордалық Қуаныш Күшекбаев жеңімпаз атанды.


Сонымен қатар стенд атудың командалық және аралас бағыттары бойынша да медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Жарыста жасөспірімдер де бақ сынап, шеберлігін шыңдауға мүмкіндік алды. Енді осы сұрмергендер қарашада тағы бас қосып, Қазақстан кубогының шешуші, яғни төртінші кезеңіне жолдама алды.


Аталған жарыстың қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, Хорватияда өтетін лицензиялық әлем чемпионатына аттанады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #спорт #жарыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);