ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Starlink-ке қосылудың құны қанша?

Starlink-ке қосылудың құны қанша?

Әлеумет 13.08.2025, 16:19 511
Starlink-ке қосылудың құны қанша?
Cурет: Egemen.kz
Қазақстандықтар үшін екі тариф қол жетімді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазақстандықтар үшін екі тариф қол жетімді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Компания «Starlink технологиясы шалғай және қолжетімділігі қиын аймақтарда да тұрақты интернет қосылуын қамтамасыз етеді» деп жазған өзінің ресми сайтында.

Қазақстандықтар үшін екі тариф қол жетімді. Біріншісі үй мен офиске арналған – Residentialтарифі. Оның айлық төлемі 23 мыңнан 31 мың теңгеге дейін. Құрылғысының бағасы – 104 мың теңге.

Екіншісі тариф – Roam. Бұл тариф саяхатқа арналған. Интернет әлемнің 100 елінде қол жетімді болады.

Мұнда 50 GB роумингті айына 26 мың теңгеге қосуға болады. Ал шексіз интернет нұсқасын қосу үшін айына 52 мың теңге төлеу қажет. Бұл жерде де құрылғы құны – 104 мың теңге.

Тарифтің басымдықтары:

Елдің кез келген жерінде интернетке қосылу;
Жолда жүріп те ғаламтор мүмкіндіктерін пайдалану;
Елден тыс жерде пайдалану;
Жағалауларда интернетке қосылу;
Қызметті уақытқа тоқтата тұру.
Тарифті қоспас бұрын, сынақ нұсқасын алуға болады. Егер ұнамаса компания төлемді қайтарып беруге уәде береді.

Starlink қосымшалары:

Starlink;
Қуаттағыш құралы;
Кабель;
Негізгі құрылғы;
WiFi роутер.
Егер қосымша кабельдер мен аксессуарлар қажет болса, оған қосымша тапсырыс беруге болады.

Starlink-ті қолдану үшін iOS немесе Android-қа арнайы бағдарлама орнату қажет. Осыдан кейін «Кедергіні тексеру» опциясын басып, аспаны ашық жерді таңдау керек. Starlink қуаттағышқа қосылғанан кейін бірер минутта ол спутникпен байланыс орнатады.

Starlink Standard Actuated және Starlink Performance(Gen 1) спутникті өздігінен іздеп табады. Бұл уақытта Starlink-ті өз бетіңмен орнатуға болмайды. Starlink Standard пен StarlinkMinі-ге арнайы қосу құралдары қажет.

Тарифті қалай өзгертуге болады?

Ол үшін Starlink.com сайтындағы жеке кабинетіңізге кіріп, «жазылымдар» бөліміндегі «басқару» тетігін басып, «тарифтік жоспарды өзгерту» батырмасын басу қажет.

Ал бағдарлама нұсқасында «Person» опциясына кіріп, «жазылымдарды басқару» бөлімінің ішіндегі «тарифтік жоспарды өзгерту» батырмасын басу керек.

Starlink-ті қалай алуға болады?

Компанияның ресми сайтына кіріп тапсырыс беруге болады. Ол үшін сайттың басты бетінің соңындағы «Order now» батырмасын басу қажет. Сайт автоматты түрде сіздің орналасқан жеріңізді анықтап, сатып алу бөліміне жібереді. Сол жерге жеке деректеріңізді толтырасыз. Осыдан кейін тапсырысыңыз 1-2 аптаның ішінде қолыңызға тиетіні жөнінде хабарлама шығады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.