ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Станислав Канкуров, Алматы қаласы мәслихатының хат...

Станислав Канкуров, Алматы қаласы мәслихатының хатшысы: Қазақ жерінде табылған қаражат ел игілігі үшін қызмет етуі керек

Әлеумет 18.02.2022, 07:34 1,424
Станислав Канкуров, Алматы қаласы мәслихатының хатшысы:  Қазақ жерінде табылған қаражат ел игілігі үшін қызмет етуі керек
rus.azattyq-ruhy.kz
«Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен қоғамның дамуына және заман талап ететін өзгерістерді енгізу жайлы нақты және терең пікірлер...

«Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен қоғамның дамуына және заман талап ететін өзгерістерді енгізу жайлы нақты және терең пікірлер айтты.

Қайғылы қаңтар оқиғасының себептері мен салдарлары жан-жақты және терең зерттеледі. Бұл мемлекет пен қоғам үшін үлкен сабақ болғандығы тілге тиек етілді. Қазір тергеу барысында әрбір іс бойынша әділ шешім шығару керектігін атап өтті. Бұл Президент үшін басты принцип болып қалады.

ҰҚШҰ әскерінің уақытылы енгізілгендігі және бұл шешім ешбір қарыздарлық емес, керісінше, ҰҚШҰ келісімшарты аясындағы өзара көмек екендігі мәлімделді. Одақтас елдер әскері Қазақстан ішіндегі тұрақтылықты сақтауға атсалысты.

Шекара мен достық көршілік те сарапталды. Қазақстан Ресеймен мәңгілік достық пен стратегиялық серіктестік жөніндегі маңызды құжатқа қол қойған. Екі ел шекарасы заңды түрде бекітілген. Бұл ретте Президент ресейлік кейбір азаматтардың Қазақстанның солтүстік облыстары Ресейге тиесілі деген пікірді қате ой деді.

Қоғамда қордаланған проблема – халықтың әлеуметтік жағдайының төмен екендігін білеміз. Осы ретте байлықтың басым бөлігі кішігірім топта шоғырланған. Бұл проблема тыңғылықты шешіледі. Монополия мен олигополияны жою мақсаты қойылған. Осымен бірге заңсыз жолмен қол жеткізілген және шетелге әкетілген қаражат елімізге қайтарылатын болады. Президент Үкіметке екі ай ішінде нақты ұсыныстарды енгізуді тапсырды. Қазақ жерінде табылған қаражат ел игілігі үшін қызмет етуі керек.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Алматы қаласына ерекше тоқталып өтті. Сүйікті қаламыздың шабуылдан кейін қалпына келуі Президенттің жіті назарында. Қала басшысы ретінде еңбекқор және тәжірибесі мол Ерболат Досаевты осы мақсатта тағайындады. Әкім алдында қаланы қалпына келтіру, зардап шеккен кәсіпкерлер мен азаматтарға жәрдемдесу міндеті аса маңызды болады. Алматы мәслихатының депутаттары бұл арнадағы жұмысқа белсенді араласып келеді және алдағы уақытта да бар күшін салады.

Халқымыздың берекесін ұлғайту, Тәуелсіз Қазақстанды нығайтып, нақты іспен дәріптеу маңызды. Біз Президентіміздің ой-тұжырымдарын қолдаймыз және Жаңа Қазақстанды құруға ортақ шоғырлануымыз қажет деп есептеймін.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.