Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / СҚО кәсіпкері мектептің 12 түлегіне тұрғын үй серт...

СҚО кәсіпкері мектептің 12 түлегіне тұрғын үй сертификаттарын сыйлады

Әлеумет 15.06.2022, 16:21 1,172
СҚО кәсіпкері мектептің 12 түлегіне тұрғын үй сертификаттарын сыйлады
Cурет: Ашық дереккөз

Меценат өз ауданының үздік түлектеріне 5 жылдан бері осындай сертификат беріп келеді


Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкері өз ауданының мектеп түлектеріне тұрғын үй сертификатын сыйлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бүгін Жамбыл ауданында 178 түлек алтын ұя мектебімен қоштасты. Мектеп бітіру кешінде жастардың кейбірі аттестатпен бірге 100 мың теңгеге тұрғын үй сертификатын да алды. Бұл жергілікті кәсіпкердің үздік түлектерге сыйы. Сертификатқа ие болғандардың 10-ы үздік аттестат алса, екеуі «Алтын белгі» иегері.


Дильназ Романова Қожаберген жырау атындағы Пресновка жалпы орта білім беру мектебінің түлегі. Ол ҰБТ-да 117 балл алды.



«Мен атам мен әкемнің жолын қуып, техникалық мамандықты таңдамақпын. Мектепте сүйікті пәнім физика болды. Бүгінгі сыйлыққа қуаныштымын. Банкте міндетті түрде шот ашамыз», - дейді Дильназ Романова.



Салтанатты жиынға Отбасы банк өкілдері келіп, сертификатты қалай тиімді пайдалануға болатынын айтты.



«Бұл сертификаттар түлектерге барлық тұрғын үй бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді. Олар өз атына банкте шот ашып, депозитті үнемі толықтырып отыруы қажет. Кейін қаражат жиналғанда еліміздің кез келген қаласынан баспана ала алады. Ол ақшаны шешіп алуға да болады. Бірақ мен қаржыны алмай, керісінше, біздің банкте оны толықтырып отыруға кеңес беремін», - дейді «Отбасы банк» АҚ СҚОФ директоры Алмас Жапабаев.



Меценат өз ауданының үздік түлектеріне 5 жылдан бері осындай сертификат беріп келеді. Осы уақытқа дейін 41 түлекке қолдау көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#түлек #меценат #баспана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.