AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / СҚО-да үш күннен бері Тепличное ауылының бөгеті ны...

СҚО-да үш күннен бері Тепличное ауылының бөгеті нығайтылып жатыр

Әлеумет 27.04.2025, 13:15 864
СҚО-да үш күннен бері Тепличное ауылының бөгеті нығайтылып жатыр
Cурет: ТЖМ

СҚО әкімі Тепличное бөгетін нығайту жұмыстарын тәулік бойы бақылауға алды.

Өңірде бөгетті нығайту жұмыстары үш күннен бері тәулік бойы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

— Үш күннен бері тәулік бойы жұмыс істеп жатырмыз. Тепличныйдағы қорғаныс бөгетін нығайту барысы жеке бақылауымда. Кеше 30 мың қадам жүріп өттім, бүгін де осынша қашықтықты еңсердім, — деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.

Бөгетте қажетті техника бар, шатырлар тігілген, тамақтандыру ұйымдастырылған. Жұмысқа 1,6 мыңға жуық адам тартылған — бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, әскерилер және құтқарушылар. Аудандар да көмек көрсетіп келеді. Көршілес өңірлерден құтқарушылар да келді. 90 мың қап төселді. Су толтырылған бөгет орнатылды. Бөгет астынан су ағуын болдырмау үшін сүңгуірлер де тартылуда. Облыс әкімі халықпен кездесіп, барлық қиындыққа қарамастан тәулік бойы еңбек етіп жүрген азаматтарға шынайы алғысын білдірді.

— Басты міндет — елді мекеннің толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Барлық қауіп жойылғанға дейін жұмысты жалғастыра береміз, — деді облыс әкімі.

Ал ТЖМ мәліметіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тепличное ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар төртінші күннен бері үзіліссіз, тәулік бойы жүргізіліп келеді. Барлық күш бөгеттерді нығайтуға және ықтимал зардаптарды болдырмауға жұмырылған.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#СҚО #Тепличное #Су бөгеті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);