AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / СҚО-да жол апаты салдарынан 19 жастағы жүргізуші қ...

СҚО-да жол апаты салдарынан 19 жастағы жүргізуші қаза тапты

Оқиға 31.01.2026, 14:08 608
СҚО-да жол апаты салдарынан 19 жастағы жүргізуші қаза тапты
Сурет: Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында жоғары жылдамдықпен келе жатқан жеңіл көлік аударылып, жас жігіт оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Қайғылы жағдай 28 қаңтарда кешкі уақытта Тайынша – Чкалово тасжолында, Мироновка ауылының маңында тіркелген. Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Camry автокөлігі Донецкое ауылынан Тайынша бағытына қарай қозғалған. Елді мекенге жақындағанда жүргізуші көлікті басқара алмай, жол жиегіне шығып кетіп, бірнеше рет аударылған.

Көлік ішінде 19 жастағы жүргізуші мен екі жолаушы болған. Ауыр соққы салдарынан жүргізуші жедел жәрдем жеткенше қайтыс болды. Ал жолаушылар жеңіл жарақат алып, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген.

Аталған дерек бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Мамандар апатқа жоғары жылдамдық пен жол жағдайы себеп болуы мүмкін екенін айтады. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді қысқы кезеңде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жылдамдықты асырмауға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жол апаты #СҚО
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);