ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / СҚО-да болашақ металлург мамандарын дайындау баста...

СҚО-да болашақ металлург мамандарын дайындау басталды

Әлеумет 26.08.2025, 14:30 444
СҚО-да болашақ металлург мамандарын дайындау басталды
aqshamnews.kz
2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы кәсіптер жылы деп жарияланғаны белгілі. Ел Президенті бұл бастаманың маңызын ерекше атап өтіп, ел экономикасының келешекте қажет ететін мамандарын дайындаудың...

2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы кәсіптер жылы деп жарияланғаны белгілі. Ел Президенті бұл бастаманың маңызын ерекше атап өтіп, ел экономикасының келешекте қажет ететін мамандарын дайындаудың стратегиялық рөлін нақты көрсеткен болатын. Солтүстік Қазақстан облысы үшін бұл бастама өзекті сипат алып отыр, себебі өңірде алдағы жылдары ірі тау-кен металлургия жобаларын іске асыру жоспарланып отыр.

СҚО әкімі Гауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, аймақта болашақта тау-кен металлургиялық комбинат салу көзделіп отыр. Қазірдің өзінде «Сырымбет» олово және «Ақсоран» вольфрам кен орындарын игеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл – өңір экономикасының жаңа серпін алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа өндірістермен бірге жұмыс орындары ашылып, білікті мамандарға деген сұраныс артады.

Аймақ басшысы педагогтардың тамыз конференциясында атап өткендей, бір ай бұрын Айыртау ауданындағы агротехникалық колледж бен АО "Tin One Mining" компаниясы арасында меморандумға қол қойылған. Бұл құжат негізінде колледжде тау-кен өндірісі мамандықтары бойынша оқыту басталады. Студенттер тек теориялық білім алып қана қоймай, нақты өндіріс орындарында практикадан өтіп, болашақта сұранысқа ие кәсіби маман ретінде қалыптасады.

Аймақ басшысы дуалды оқыту жүйесінің өңірде тиімділігін дәлелдегенін атап өтті. Мысал ретінде, CLAAS зауыты мен ТОО «Радуга» кәсіпорындарында оқып жүрген студенттер практика барысында 200 мың теңгеге дейін жалақы алады және оқу бітірген соң жұмысқа орналасу кепілдігіне ие.

— Дәл осы тәсілді біз горно-металлургия саласына да енгіземіз, — деді облыс әкімі.

Г. Нұрмұхамбетов қабылданып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – жастарды сұранысқа ие мамандықтарға оқытып, оларды еңбек нарығында бәсекеге қабілетті ету екенін айтты. Бұл тәсіл болашақта Солтүстік Қазақстан облысын еліміздегі тау-кен металлургия саласының жаңа орталығына айналдыруға сеп болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.