AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Спорт шеберлері Отан қорғауға аттанды

Спорт шеберлері Отан қорғауға аттанды

Әлеумет 27.12.2024, 11:01 1,098 Bakyt
Спорт шеберлері Отан қорғауға аттанды
Алматы гарнизонының баспасөз қызметі

Биылғы күзгі әскерге шақырту науқанының аясында Алматыдан Отан алдындағы борышын өтеуге 17 спортшы аттанды. Олардың арасында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері де бар. Спорттағы жетістіктеріне қарамастан, олар бірден әскери борышын өтеу туралы шешім қабылдап, өздерінің азаматтық парыздарын орындауға дайын екендіктерін көрсетті.

Мұндай жас сарбаздардың қатарында Виктор Друзин мен Дінмұхамед Омаров бар. Виктор – синхронды жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ал Дінмұхамед – грек-рим күресінен спорт шебері. Бұл жастар спортта биік шыңдарды бағындырып қана қоймай, өз үлгісімен шынайы патриотизм мен азаматтық борышқа адалдықтың жарқын мысалын көрсетіп отыр.

Виктор Друзин – Қазақстан чемпионатының жеңімпазы және Канаданың әлем кубогы кезеңінің иегері. Сонымен қатар ол Қытай, Париж және Будапешттегі әлем кубогы кезеңдерінде жүлделі орындарға ие болған. Спорттық жетістіктерімен ел мақтанышына айналған Виктор әскери қызметті ер азамат үшін маңызды өмірлік кезең деп санайды.

Дінмұхамед Омаров – грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Биыл Испанияда өткен халықаралық турнирде топ жарып, өзінің жоғары деңгейдегі дайындығын дәлелдеді. Дінмұхамед әскери қызметті өз отбасының дәстүрі ретінде ерекше құрметтейді. Оның туған інісі Теміртауда әскери борышын өтеп жатыр, ал әкесі де кезінде Отан қорғау сапында болған.

 

– Ер азамат әскери білім мен дағдыға ие болуы керек. Бұл әр қазақ жігітінің қалыпты әрі маңызды кезеңі, – дейді Дінмұхамед.

Алматы әрдайым жас спортшылардың патриоттық сезімін көрсететін жарқын үлгі болып келеді. 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының екі дүркін чемпиондары – ауыр атлет Ниджат Рахимов пен жүзуші Дмитрий Баландин әскер қатарына шақырылған болатын. Ал 2023 жылы бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да әскери борышын өтеп, болашақ сарбаздарға үлгі болды.

Бұл мысалдар жаңа буын сарбаздарын шабыттандырып, олардың патриоттық сезімін нығайта түседі.

Еске салайық, күзгі әскерге шақыру науқаны желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Бұл науқан барысында Алматыдан 18-27 жас аралығындағы, денсаулығы жарамды, кейінге шегеру құқығы жоқ мыңнан астам жас жігіт әскери борышын өтеуге аттанады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #Отан #борыш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);