AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / СOVID-19: Әлемдегі жағдай

СOVID-19: Әлемдегі жағдай

Әлем 07.09.2021, 07:07 940
СOVID-19: Әлемдегі жағдай
Сурет: Iaea.org

Бай мемлекеттер 2021 жылдың соңына дейін әлем халқының 40% екпе салуды көздеп отыр.


G20 мемлекеттерінің денсаулық сақтау министрлері осы жылдың соңына дейін әлем халқының 40% СOVID-19 қарсы екпе салуды көздеп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Interfax.ru сайтына сілтеме жасап. 


G20 елдерінің денсаулық сақтау министрліктерінің басшылары Римдегі саммит соңында 2021 жылдың соңына дейін әлем халқының кем дегенде 40% -ын COVID-19 қарсы вакциналау мақсатына еңбек етуге дайын екенін мәлімдеді. 


Сонымен қатар бай мемлекеттердің министрлері керек болған жағдайда, вакцинамен толыққанды қамтамасыз ету мақсатында екпе «дозаларымен бөлісуге» дайын екенін айтты. 



«Ресейлік ғалымдардың 30 минут ішінде адам ағзасында COVID-19 вирусының бар-жоғын анықтайтын құрылғы ойлап тапқан. Федералды биомедициналық агенттіктің мамандары SARS-CoV-2 мутациясын жылдам бақылаудың жолын тапты, яғни коронавирустың маңызды қасиеттеріне жауап беретін геномның тек бір бөлігін анықтай алады», – делінген  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарламасында.   



Чили Республикасының Үкіметі қытайлық Sinovac шығарған коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны 6 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат берді. Шешім үш жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер тобын вакциналау қорытындысын зерттеген сарапшылар комиссиясымен қабылданды. Сарапшылар жүргізілген зерттеулер вакцинадан иммундық реакцияның жақсы нәтижесін бергенін атап өтті. 


Индонезия коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарамастан, карантин жеңілдетілмейді. Өткен тәулікте елде 4 413 COVID-19 тасымалдаушысы анықталды. Үкімет Ява мен Бали аралдарындағы шектеулерді 13 қыркүйекке дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Кішігірім жеңілдіктер діни орындарға, мейрамханалар мен сауда орталықтарына қатысты орын алады. Коронавирусқа қарсы толық вакциналаудан өткен индонезиялықтардың саны 38 миллион адамға жетті.


Батыс Австралия коронавирустық инфекция бойынша шектеулер алынып тасталатын деңгейді анықтады. Штаттың Премьер-Министрі Марк Макгоуэн Үкімет тұрғындардың 90%-ы COVID-19-ға қарсы толық вакцинацияланғанға дейін коронавирусқа қарсы шектеулерді алып тастау мүмкіндігін қарастырмайтынын айтты. Сонымен қатар, Макгоуэн Батыс Австралия басқа штат тұрғындары үшін өз шекараларын ашқанға дейін бірнеше айлық уақыт өтетінін айтты. Бұл тек 2022 жылы мүмкін болатынын жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#COVID-19 #коронавирус #кви
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);