ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Соңғы 10 жылда алғаш рет Су ресурстары және иррига...

Соңғы 10 жылда алғаш рет Су ресурстары және ирригация министрлігі Талас өзенінің төменгі ағысын суға толтырды

Әлеумет 03.06.2025, 12:11 600
Соңғы 10 жылда алғаш рет Су ресурстары және ирригация министрлігі Талас өзенінің төменгі ағысын суға толтырды
Сурет: Gov.kz
Судың дұрыс әрі тиімді бөлінуінің арқасында Талас өзеніндегі «Ойық» гидроторабы арқылы жүргізілген экологиялық мақсатта су жіберу нәтижесінде Жамбыл облысындағы «Қазсушар» филиалы Қаракөл көліне...

Судың дұрыс әрі тиімді бөлінуінің арқасында Талас өзеніндегі «Ойық» гидроторабы арқылы жүргізілген экологиялық мақсатта су жіберу нәтижесінде Жамбыл облысындағы «Қазсушар» филиалы Қаракөл көліне су толтырып, Сұлукөл көліне де су жеткізе алды.

Сонымен қатар Сарысу және Талас аудандарындағы табиғи жайылымдарға да су барды, деп хабарлайды aqshamnews.kz сала министрлігіне сілтеме жасап. 

Жергілікті экожүйені сақтау жұмыстары суару маусымы басталмай тұрып жүргізілді. Бастапқыда осы мақсатқа «Ойық» гидроторабы арқылы 120 млн текше метр су жіберу жоспарланған еді. Алайда сәуір айының ортасына қарай экологиялық мақсатта су жіберудің жалпы көлемі 315 млн текше метрге жетті.

30 мамыр күні Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша Жамбыл облысындағы «Қазсушар» филиалының мамандары арнайы тексеріс жүргізіп, Талас өзені арқылы жіберілген судың Сарысу және Талас аудандарына жеткеніне көз жеткізді.

Өз кезегінде жергілікті тұрғындар атқарылған жұмыс үшін Су ресурстары және ирригация министрлігіне алғыс білдіріп жатыр.

«Биыл алдыңғы жылдарға қарағанда су қарқынды келді. Су негізгі арнамен өтіп, жайылымды жерлерге жайылды. «Қазсушарға» ризамыз, соның жұмысының нәтижесінде су жақсы келді. Осындай көлемде су жыл сайын келіп тұрады деп үміттенеміз», – дейді Шағалалы елді мекенінің тұрғыны Оңлыәшім Дүйсенбеков.

«Су биыл ерте келді. Наурыздың басында басталып, мамырдың соңына дейін жетті. «Қазсушарға» алғыс айтамыз. Егістікте шөп жақсы өсіп жатыр, су мол. Қазір мал жайып, жұмыс істеп жатырмыз», – дейді Игілік ауылының тұрғыны Аралбай Жанбеков.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,284 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.