ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Солтүстікте жағдай күрделі. Елдегі су қоймаларының...

Солтүстікте жағдай күрделі. Елдегі су қоймаларының қазіргі ахуалы қандай?

Әлеумет 15.04.2024, 03:48 830
Солтүстікте жағдай күрделі. Елдегі су қоймаларының қазіргі ахуалы қандай?
Сурет: видеодан алынды
Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына су тасқынының алдын алу және оның шығындарын азайту жөніндегі кешенді іс-шаралар қосылады.

Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына су тасқынының алдын алу және оның шығындарын азайту жөніндегі кешенді іс-шаралар қосылады.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі құжатты қайта қарайды.


Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz El.kz ақпаратттық агенттігіне сілтеме жасап. 

Спикер еліміздегі су қоймаларындағы жағдайға да тоқталды.


«Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100% толы. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Бірақ Жабай өзенінің реттелмейтін ағынының артуына байланысты Атбасарда су тасқыны жалғасып жатыр. Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100% толы, су тасқыны жалғасып жатыр. Екі су қоймасы да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр, бұзылу қаупі жоқ. Осы уақытқа Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі – 1243 см, бір тәулікте ол 103 см-ге көтерілді. Мамандар су өткізу іс-шараларын атқарып жатыр. Жағдай күрделі», - деді спикер.

Ақтөбе облысында жағдай тұрақты. Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 80%. Абай облысында Шүлбі су қоймасы 89%-ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасуда. Батыс Қазақстан облысында төрт ірі су қоймасының орташа су жинауы 74%. Иреклі су қоймасынан жіберілген су әлі Қазақстанның шекарасына жеткен жоқ. Бұл су 16-17 сәуірде келеді деп күтілуде. Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99%-ға толды, өңірде су тасқынының қауіпті кезеңі өтті. Жағдай тұрақты. Қостанай облысында 2 ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 93%, су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Қаратомар су қоймасы транзиттік режимде жұмысын жалғастыруда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.