Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Солтүстік, шығыс, орталық өңірлерден халық үздіксі...

Солтүстік, шығыс, орталық өңірлерден халық үздіксіз көшуде

Әлеумет 17.02.2023, 10:34 956
Солтүстік, шығыс, орталық өңірлерден халық үздіксіз көшуде
Cурет: Dalanews.kz

Халықтың ұдайы көшуі ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді.


Бұл туралы Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы Серік Шайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.





«2010-2020 жылдар аралығында ішкі көші-қон ағыны есебінен халықтың өсуі Ақтөбе облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында байқалды. Аталған өңірлерде ел халқының 36%-ы тұрады. Сонымен қатар, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан халық жүйелі түрде көшіп жатыр. Мұның бәрі, сайып келгенде, өңірлер арасындағы елеулі әлеуметтік және экономикалық теңгерімсіздіктерге ғана емес, сондай-ақ елді мекендердің, әсіресе шекара маңы облыстарының әлсіз қоныстануына байланысты ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің туындауына алып келеді», - деді сенатор.



Сенатордың сөзінше, өңірлерде жұмыс орындарын ашу және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жақын арада орталық және жергілікті билік үшін басым міндет болуға тиіс.



«Бұл жұмыс, ең алдымен өңірлік стандарттар жүйесіне байланыстырылып, қала мен ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік және инженерлік-техникалық инфрақұрылымның қолжетімділігі төмен стандарты бойныша жүргізілуге тиіс. 2019 жылдан бастап қолданылып келе жатқан өңірлік стандарттар жүйесі қайта қарауды талап етеді деп есептейміз. Өйткені, ауылдық елді мекендер үшін бекітілген объектілер мен қызметтер тізбесі ветеринариялық пункт, мал қорымдары, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары сияқты маңызды орындарды көздемейді», - деді Серік Шайдаров.



Айта кетейік, былтыр көшіп келушілер саны жөніне ел өңірлері арасында Алматы қайтадан көш бастады. Шаһарға өзге аймақтардан 35,3 мың адам қоныс аударған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоныс #аудару #үздіксіз көшу #қауіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.