ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін Univ...

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін University of Arizona сенімді басқаруына беру мәселелері қаралды

Білім және ғылым 07.04.2022, 03:20 1,369
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін University of Arizona сенімді басқаруына беру мәселелері қаралды
Сурет: Telegram
2021 жылы Білім және ғылым министрлігі, University of Arizona және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2021 жылы Білім және ғылым министрлігі, University of Arizona және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 


Мемлекет басшысының жоғары білім беру жүйесін экономика сұранысына қарай, оның ішінде шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу арқылы қайта форматтау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен ынтымақтастық модельдерін талқылау үшін University of Arizona өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап. 


Айта кету керек, University of Arizona - 136 жылдық тарихы бар қоғамдық ғылыми-зерттеу университеті. "Карнеги классификациясы" бойынша университет R1 санатына жатады, яғни бұл зерттеу қызметінің жоғары деңгейіндегі университет.


University of Arizona Шанхай рейтингінде (ARWU) 101-150, Times Higher Education-да 124 орында.


2021 жылы Білім және ғылым министрлігі, University of Arizona және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 


Кездесу барысында сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орнын University of Arizona сенімді басқаруына беру мәселелері қаралды.


Өңірлік университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беру процесінде University of Arizona-ның үздік тәжірибелері қолданылатын болады.


Осылайша, ынтымақтастық шеңберінде University of Arizona моделі бойынша білім беру бағдарламалары әзірленетін болады.


Қазақстандық студенттер үшін қос диплом алу мүмкіндігі беріледі: қазақстандық ЖОО және Universitу of Arizona. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары белсенді дамитын болады.


Вице-Премьер өз сөзінде Білім және ғылым министрлігіне және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға барлық қажетті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуді және осы жылдың қыркүйегінде СҚУ-да Arizona университеті филиалына студенттерді алғашқы қабылдауды жүзеге асыруды тапсырды.


Шетелдік профессорларды, сондай-ақ жетекші отандық ғалымдарды тарту жоспарлануда. Бұл өңірлік жоғары оқу орындары базасында озық ғылыми зерттеулер мен халықаралық жобаларды жүргізуге мүмкіндік береді.


Бұл бастама жоғары білім беруді интернационалдандыруды кеңейтуге және өңірде өсу орындарын қалыптастыруға ықпал ететін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.