AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Солтүстік Аралдағы су көлемі бүгінде 22 млрд текше...

Солтүстік Аралдағы су көлемі бүгінде 22 млрд текше метрге жетті

Әлеумет 19.09.2024, 10:13 866
Солтүстік Аралдағы су көлемі бүгінде 22 млрд текше метрге жетті
Сурет: Gov.kz

Солтүстік Аралға жыл басынан шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді

2024 жылдың басынан Солтүстік Арал теңізіне 1,9 млрд текше метр су жіберілді. Осылайша, бүгінде Солтүстік Аралдағы жалпы су көлемі 22 млрд текше метрге жетті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл туралы Халықаралық Аралды құтқару Қоры Басқармасының отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Айта кетейік, отырыс Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген делегациялардың қатысуымен өтті. 

«Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңда Президентіміз Халықаралық Аралды құтқару Қорының басшысы болып сайланды. Қордың төрағасы ретінде біздің елімізге үлкен жауапкершілік жүктелген және біз Орталық Азияның басқа мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынаста боламыз. Бірлесіп Арал теңізін сақтау бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткіздік және осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз. Биыл Солтүстік Аралға тұрақты түрде су келеді. Суару кезеңінің ортасында Сырдария өзені арқылы теңізге секундына 80 текше метрге дейін су жіберілді. Салыстырмалы түрде, бір жыл бұрын секундына 6 текше метр ғана барған болатын. Соңғы жылдары Солтүстік Аралда су көлемі төмендеді, бірақ 2024 жылдың басынан су деңгейі қайта көтеріле бастады және бүгінде 22 млрд текше метрге жетті. Солтүстік Аралда су көлемінің одан әрі ұлғаюын қамтамасыз ету үшін біз су дипломатиясын күшейтіп, Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру жөніндегі жобаның екінші кезеңін әзірлеп жатырмыз», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Сонымен қатар, қатысушылар Қазақстанның 2024-2026 жылдары ХАҚҚ төрағалық ету кезеңіне арналған Атқару комитетінің жұмыс жоспарын бекітті. Құжат құрылтайшы мемлекеттердің басшылары мен ХАҚҚ Президентінің тапсырмаларын іске асыру, Қордың ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіру және т.б. мәселелер бойынша 10 бағыттан және 40-тан астам іс-шарадан тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Қазақстанның төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару Қоры Басқармасының бірінші отырысы өтті. Жиынға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев, ХАҚҚ Атқару комитетінің төрағасы Асхат Оразбай, Тәжікстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Сулаймон Зиёзода, Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Тангрыкули Атахаллыев, Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Шухрат Ганиев қатысты.

Айта кетейік, Сырдария өзені ағынының 75%–ы Қырғызстанда, 20%–ы Өзбекстанда және 5%-ы Қазақстанда қалыптасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Солтүстік Арал #су жіберу #Аралды құтқару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);