AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Солтүстік аймаққа көшетіндерге 50%-дық тұрғын үй с...

Солтүстік аймаққа көшетіндерге 50%-дық тұрғын үй сертификаты беріледі

Әлеумет 20.08.2022, 11:00 1,196
Солтүстік аймаққа көшетіндерге 50%-дық тұрғын үй сертификаты беріледі
Сурет: Azh.kz

Келесі жылдан бастап Қазақстанның Солтүстік өңірлеріне көшуге ниетті отандастарымызға арналған жаңа жоба іске қосылады.


Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына берген сұхбат барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.



«Өңірлерді дамытуға арналған ұлттық жоба аясында еліміздің Солтүстік өңірлерінде тұруға ниетті тұрғындарды көшіру жұмысы жалғасып жатыр. Жалпы тұрғындарды Солтүстік аймақтарға көшіру мәселесі ондағы жұмыс күшінің тапшылығымен де байланысты. Біздің ендігі мақсат – азаматтарды көшіріп қана қоймай, оларға жұмыс тауып беру. Мен жуырда СҚО-да болып, облыс әкімі және бизнес өкілдерінің қатысуымен семинар өткіздік. Сонда бизнес өкілдері бізге жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік жасаңыздар деген өтініш білдірді. Осы орайда СҚО әкімшілігі арнайы бағдарламаны іске қоспақ болып отыр. Сол арқылы бизнес өкілдері мен кәсіпкерлердің жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берілмек», - деді Тамара Дүйсенова тікелей эфир барысында.



Министр келтірген мәліметке сәйкес, аталған аймақта бизнесті дамытуға республикалық және жергілікті бюджеттен 20 млрд теңге қарастырылып отыр.



«Сонымен қатар азаматтарды баспанамен қамту да маңызды. Келесі жылға біз жаңа жоба қарастырып жатырмыз. Тұрғын үй бағасының 50 пайызын қаржылай сертификат ретінде беру. Ол қаржыға тұрғын үйді салып алады ма немесе «Отбасы банкіне» апарып алғашқы жарна ретінде қолдана ма оны әр адам өзі біледі. Солтүстік өңірлерде осыған дейін пайдалануға берілген тұрғын үйлердің сапасына қатысты сын бар. Сондықтан да 50 пайыздық сертификатты әр азаматтың өзіне беру қарастырылып отыр», - дейді ол.



Ведомство басшысының айтуынша, тұрғын үй алуға берілетін қаржының мақсатты жұмсалуын бақылау үшін азаматпен келісімшарт жасалатынын айтты.


Егер азамат баспана алуға берілген ақшаны мақсатсыз жұмсаса, онда қаржыны түгелдей мемлекетке қайтаруға міндетті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#министр #Солтүстік өңірлер #Тамара Дүйсенова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);