AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Соловьевтің шоуындағы шабуылға РФ билігі объективт...

Соловьевтің шоуындағы шабуылға РФ билігі объективті жауап беруі керек

Саясат 24.11.2022, 06:40 1,564
Соловьевтің шоуындағы шабуылға РФ билігі объективті жауап беруі керек
Сурет: Stan.kz

ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Ресейдің телеарнасында Соловьев жүргізген бағдарламадағы ресейлік сарапшылардың сөздеріне түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



 «Сұмырай Соловьев әлемнің көптеген елдерінде бұрыннан нон грата алған адам болатын және қазір бүкіл жердегі санкциялық қара тізімдерде көш бастап келеді. Сондықтан ыза-кектің буынан ол елдің бәріне жармасып «улы сілекейін» шашып жүр. Бұрын «Россия 1» арнасында ол Алматыға бомба «тастап жіберу» туралы да айтқан болатын. Бағдарламаның қонағы – Мемлекеттік Думаның депутаты Онищенко да одан қатты шошынып қалған еді», - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.



Сондай-ақ, ол Соловьевтің баршаны жек көруі кесірінен көбінесе өзеуреп өзі сөйлеп, бағдарламаның меймандарын жанжал мен арандатуға итермелейтінін атап өтті. Оның бәрі тікелей эфирде және есуас кейпінде болатынын тілге тиек етті.


«Ресейлік саясаттанушы Дробницкийдің «келесі мәселе Қазақстан болуы мүмкін. Өйткені ұлтшылдық үрдістері сол жерде де басталуы ықтимал» деген сөзінен біздің елімізге тікелей қатер төндіру анық байқалып отыр.


Егер ол Еуразиялық экономикалық одақ пен ҰҚШҰ-да бізбен бірге тұрған өзімізге дос Ресейдің мемлекеттік арнасының эфирінде көрсетілмесе, дүдәмал сарапшы-фантаст Дробницкий-Жуковтың пікіріне назар аудармас едік. Ресейлік саясаткерлердің осындай екпінді, мақсатты шабуылдары Соловьевтің шоуында бұрыннан жүйелі түрде жалғасып келе жатқандықтан, олар Ресей Федерациясының федералды билігі тарапынан объективті жауапқа лайық», - деп баға берді Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.


Сөз соңында Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстан 30 жылдан астам уақыт бойы тәуелсіз мемлекет екенін, Соловьев пен сол секілді саясаткерлердің шынайы шындықты түсініп, жаңа геосаяси ақиқатпен санасуды үйренетін уақыт келгенін атап өтті.


Айта кетейік, жоғарыда айтылған ресейлік саясаттанушы Дробницкийдің «Келесі мәселе Қазақстан болуы мүмкін. Өйткені ұлтшылдық үрдістері сол жерде де басталуы ықтимал» деген пікірі «Россия 1» арнасындағы Соловьевтің шоуында айтылған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Соловьев #Мұхтар Құл-Мұхаммед #түсініктеме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);