AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Смс-кодтар алаяқтарға қалай көмектеседі?

Смс-кодтар алаяқтарға қалай көмектеседі?

Заң мен тəртіп 24.01.2025, 13:40 754 dulatbekova
Смс-кодтар алаяқтарға қалай көмектеседі?
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы полиция департаментінің киберқылмыспен күрес басқармасы соңғы уақытта "1414' абоненттік нөмірінен жіберілетін смс-кодтарды заңсыз пайдалануға қатысты интернет-алаяқтық деректерінің көбеюіне алаңдаушылық білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, алаяқтар смс-кодтарды психологиялық айла-шарғы жасау құралы ретінде пайдаланады. Әдетте, жәбірленушіге өзін пошта, салық, коммуналдық қызмет немесе құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырған бөтен адам қоңырау шалады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Олар жәбірленушіні үшінші тарап қосымшаларын орнатуға немесе сыртқы сілтемелерді басуға мәжбүрлейді. Мұндай әрекеттер жеке деректердің, соның ішінде смс-кодтың қолды болуына әкеледі. Нәтижесінде бұл банк шоттарын бұзуға және қаржылық залал келтіруге себеп болуы мүмкін. Алайда, ол "1414" нөмірінен келген смс-кодтардың несие алуға мүмкіндік бермейтінін атап өтті. Себебі банктер биометриялық аутентификация жүйесі мен арнайы қауіпсіздік шараларын қолданады.

Дегенмен алаяқтар бұл кодтарды жәбірленушілердің сенімін жаулап алу және психологиялық қысым көрсету құралы ретінде пайдаланады. Мұндай алаяқтық әрекеттердің негізгі құрбандары көбінесе егде жастағы адамдар болады. Бірқатар жағдайларда алаяқтар азаматтарды депозиттерден ақшаларын шешіп алып, "сақтандыру шотына" салуға көндірген.

Сонымен қатар, несие алу әрекеті туралы жалған ақпарат таратып, адамдарды мүлкін кепілге қоюға немесе сатуға итермелеген жайттар тіркелген. Көп жағдайда жәбірленушілер алаяқтардың көрсеткен шоттарына өз еріктерімен ақша аударады немесе қаражатты жеткізу қызметінің курьерлері арқылы береді. Полиция азаматтарды абай болуға, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермеуге шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы қаласы #полиция департаменті #смс-кодтар #Алаяқтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);